Қызғалдақтардың шынайы отанының Голландия емес, Қазақстан екені сіз үшін таңқаларлық жағдай болуы мүмкін! Ал флораның ең нәзік өкілдерінің гүлденуіне байланысты ұйымдастырылатын жыл сайынғы гүлдер шоуына мыңдаған туристерді жинайтын Нидерланды елінен айырмашылығы, Қазақстанда қызғалдақ табиғат аясында, адамның араласуынсыз өсіп, гүлдейді және әлдеқайда үлкен аудандарды алып жатады! Мұнда сіз Орталық Азияда өсетін 65 жабайы гүлдің қырыққа жуық түрін таба аласыз және олардың 18-і Қызыл кітапқа енгізілген. Олардың арасында атақты қызғалдақтар Шренк пен Грейг те бар.

Сәуір мен мамыр айлары аралығында Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарының шексіз алқаптары мен тау бөктері ал қызыл, қызғылт сары және сары түсті гүлдермен жалындап жайнайды. Айта кететіні, осы көздің жауын алатын сұлулықты Шымкенттен Алматыға бағытталған қалааралық тас жолдарымен жүріп өту арқылы көруге болады. Бірақ жетуге жолы қиын жерлерде өсетін, сирек кездесетін үлгілерді іздеуде, сіздерге тәжірибелі гидтер көмектесе алады. Мысалы, Дасистемон Тарда сияқты түрлі жапырақты қызғалдақ түрлері тауларда және тіршіліктің ең жоғарғы шекарасында, альпі көгалдарында өседі, ал эндемикалық Кауфман қызғалдағы Батыс Тянь-Шань жасыл желектерінде арша ормандары арасында өседі.
Біздің елде қызғалдақтарды өсіп тұрған жерінен жұлуға болмайды, оның орнына табиғаттың ерекше және хош иісті көрінісіне шексіз таңданып, ұзақ уақыт көзіңіздің құрышын қандырып, тамашалай аласыз!
Көптеген зиярат етушілер мен туристер ортағасырлық ең керемет ғимараттардың бірі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан Түркістан қаласын біледі және ол жаққа үлкен қызығушылықпен барады. Бірақ көпшілікке тосын болатын жайт, Түркістанға жақын жерде, егер Шымкент жақтан шықсаңыз, оған барар жолда аса айрықша жер - ежелгі Отырар қаласына тап боласыз.
Отырарды әлі де ғалымдар мен археологтар зерттеу үстінде. Бүгінде ежелгі қаланың көптеген құрылымдары қалпына келтірілген. Бұл қала, оның ежелгі көшелерінде серуендеп, керемет фотосессиялар мен селфи жасауға рұқсат етілген еліміздегі аз ғана тарихи орындардың бірі болып табылады. Өткеннен сыр шертетін көшелерге аяқ басып, онда жүріп қазақ тарихының тамырына, ұлттық мұрамыздың тереңіне бойлап, ғажайып сезімдерге бөленеріңіз анық.

Бұл объектімен танысу үшін алдын-ала дайындалған жөн. Интернеттегі ақпаратты оқып, «Отырардың күйреуі» фильмін көруге немесе кәсіби гидпен бірге сапарға тапсырыс беруге кеңес беріледі.
Егер алтын құмды жағажайлармен бұрыннан таныс болсаңыз, онда қара кремнийлі тастардың жағалауларымен танысуға уақыт келді! Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Алакөл өзінің ерекше жағалауымен ғана емес, сонымен қатар келген қонақтарына берер емдік қасиеттерімен де мақтана алады. Қара жағажай суық тию және тері аурулары, жүйке аурулары бар адамдарды және табиғат аясында медитация жасауды жаны сүйетіндердің барлығын өзіне тартады да тұрады. Ұшудан кейін ғарышкерлердің өздері осы жерде қалпына келу курстарынан өтетінін атап өтсек, әрі қарай өзге себептерді ойлап тізбектеудің өзі артық болар еді! Бұл жерлерде сирек кездесетін құстарды қорғау мақсатында Алакөл қорығы құрылды, ал көл баурайында әйгілі күміс алабұға мекен етеді.

Егер мамыр айының басында келсеңіз, бердвотчерлер, яғни “Алакөл қанаттары” фестиваліне келетін құстарды тамашалаушылар қатарына қосыла аласыз. Бұл іс-шара кремний жағалауына тек құс тамашалаушыларын ғана емес, сонымен қатар журналистер, шығармашылық кәсіп иелерін, йога практиктері мен музыканттарды да тартады. Алакөлде демалыс маусымы осындай сұлу көрініспен басталады. Әрі қарай жадыраған жаз келіп, шомылу, мамыражай күн мен судағы ойын-сауықтың уақыты басталады, ал күзде қыркүйектің бірінші демалыс күндерінде Алакөл жағалауында тағы «Окунькөл» атты балық аулау және туристік фестивалі ұйымдастырылып, әуесқой балықшылардың алабұға балығын аулау мерекесімен жалғасады.
Әлемдегі алғашқы және ең үлкен Байқоңыр ғарыш айлағының Қызылорда облысында орналасқанын бірі білсе, бірі біле бермейді. 2050 жылға дейін ғарыш айлағын Ресей Федерациясы жалға алды, бірақ заңды түрде ол өзінің барлық инфрақұрылымымен Қазақстанға тиесілі және сәйкесінше, қазақстандық туристік агенттіктер сізге зымырандар мен спутниктердің ұшуын тамашалау үшін ғажайып тур ұйымдастыра алады. Алғашқы рет ғарышқа ұшу орын алған жерге бару өте қызықты емес пе? Иә, ғарыш қалашығының атмосферасына орану шынымен де сезінуге тұрарлық тәжірибе!

Әрине, қазақ тағамдарының гастрономиялық дәмін елемей кету мүмкін емес. Көптеген адамдарды қазақ ас мәзірі күтпеген жерден жағымды дәмімен үйіріп алып кетері айдан анық. Сондай-ақ құтты қонақтарымыз осы тағамдар арқылы халқымыздың не жеп, не ішетіндігі жайлы да жаңа мәліметтер алады. Ал қазақ ас мәзірі пайдалы тағам түрлеріне, табиғи өнімдер және сүт өнімдеріне бай.

Ет, бауырсақ, қазы, ірімшік сияқты әйгілі қазақ тағамдарынан көптеген қалалық кафелер мен мейрамханаларда ауыз тиіп, дәмін татуға болады. Алайда, ұлттық тағамдардың дәмін этно-ауылдарда тату әлдеқайда қызықты, әрі керемет. Мұнда арнайы шақырылған этнограф мамандар қалпына келтірген рецепт бойынша әлемдегі кез келген басқа қазақ тағамдарына ұқсамайтын, аса ерекше, дәмі тіл үйірер тағам түрлерін сіздер үшін даярлап қана қоймай, олардың қалай пісірілетінін көрсете отырып, аталмыш тағамдар туралы небір аңыздар мен ерекше оқиғалар айтып, таң қалдырады. Мейманымыз осы арқылы қазақ халқының рухани мұрасы мен өткен тарихының тереңіне бойлай алады! Өткеннің өсиетінен өнеге алып, ұлттық құндылығымызға қанығады.
Ескі дәстүрлерін сақтай отырып, заманауилықтан қалыс қалмаған еліміз – сұлу да қонақжай Қазақстанға қош келдіңіз!

Қазақстан табиғаты өзінің ерекшелігімен таң қалдырады. Ол ұлан-ғайыр даласымен, мешіттердегі алтын күмбездерімен, Балқаш көлінің көгілдір беті және Астана қаласындағы заманауи ғимараттарымен кез-келген саяхатшыны қызықтырады. Ұлы Жібек жолындағы қалалар мен Байқоңыр ғарыш айлағы да Қазақстан жері. Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан, географиялық жағдайы қолайлы еліміздің табиғаты екі континенттегі табиғаттың ең көркем жерлерін иеленген симбиозға айналды.
Бір жағынан, заманауи ғимараттарымен тез дамып келе жатқан қалалар, бар, екінші жағынан, Қазақстанның сол қалпындағы табиғаты, шөлейт жерлері, көне қалалары, әдемі, альпілік ландшафттары. Бұнда көшпенділердің киіз үйлерімен танысуға, бие сүтінен жасалған «қымызды» ішуге, тіл үйіретін ұлттық тағамдарынан дәм татуға, ауруларға мың да бір ем таза ауасымен тыныстауға, ерекше әдемі тау пейзаждарын көруге болады. Мысалы, Қазақстанның биік таулы кластерін ең тартымды табиғат көріністерінің бірі деп атауға болады.
Коронавирустық пандемияға байланысты соңғы жылы Қазақстанда ішкі туризм қарқынды дамуда, яғни ем алатын жаңа жерлер мен ресурстардың ашылуына әкелді. Белсенді демалыс, тауға шығу, атқа міну, ежелгі тарихи орындарға саяхаттау туристерді қаншалықты тартқанмен, курорттық демалыс әрқашан ең танымал және сұранысқа ие.
Қазақстан табиғаты саяхатшылардың елімізге деген қызығушылығының басты себебі, бұл жерде сәулет мұрасы да өзіне назар аудартып отыр.
Бүкіл әлемде экотуризм ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың яғни ұлттық парктер мен қорықтар жанында белсенді дамуда. Шынымен де, жабайы табиғат оазисі сол жерлерде жақсы қорғалады, адамдар белгілі бір жұмыстарды жүзеге асырса да, ол жерлер қоғалатын болғандықтан, қатаң тәртіппен реттелген.
Қазақстанда ерекше, қорық аумақтары өте көп екені сөзсіз.
Біз сіздерге ұлы суретшілердің қаламынан шыққандай Қазақстанның ондаған ерекше әдемі жері туралы материалдар дайындадық. Мұнда сіз керемет әдемі фотосуреттер жасай аласыз, сондықтан сіздің қолыңызда қандай да бір камера болса, ол сіздің сапарыңызда үздіксіз жұмыс жасайтын болады.
Жеке саяхаттау – бұл жаһандық пандемия әсерінен туризмде туындаған жаңа тренд. Аумағының кеңдігінен әлеуметтік қашықтық аса байқалмайды, халық тығыздығының төмендігі мен табиғи парктердің көптігін ескере отырып, Қазақстан жеке саяхаттаулар үшін ерекше жер болып табылады.
Турист өзінің туристік сапарлары кезінде және оларға дайындық кезінде (ішкі және шетелдік туристер үшін бөлек) болуы керек құжаттар туралы қысқаша мәлімет.
Шетелдік қонақтардың Қазақстан Республикасы аумағына кіруі және шығуы мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде, паспорт немесе оны алмастыратын құжаттар, қажет болған жағдайда Қазақстан визасы арқылы іске асырылады.
Қазақстан өзара визасыз сапарлар туралы жекелеген екі жақты келісімдер жасасқан елдердің азаматтарына Виза талап етілмейді. Мысалы, Ресеймен немесе Әзірбайжанмен.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан 54 елдің азаматтары үшін визасыз режимді қайта бастады.
Визасыз режим шеңберінде шетелдік азаматтар Қазақстанға туристік, жеке және қысқа мерзімді іскерлік мақсаттар бойынша бара алады. Бұл ретте іскерлік сапарлар кездесулер мен келіссөздер өткізуді, келісімшарттар жасасуды, сондай-ақ конференциялар мен форумдарға қатысуды көздеуі мүмкін.
Маңызды. Визасыз сапарлар шеңберінде шетелдіктерге Қазақстан Республикасының аумағында еңбек немесе өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады. Сондай-ақ, кез-келген монтаждау және жөндеу жұмыстарына тыйым салынады. Мұндай мақсаттар үшін виза қажет. Қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады.
Қазақстандық визаны қалай алуға болады?
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының визасы талап етілетін шетелдік азаматтар визаны екі түрлі жолмен рәсімдей алады: ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдіктері арқылы немесе электронды түрде (e-visa).
Бірінші нұсқа
Визалар ҚР Сыртқы істер министрлігімен (ары қарай – ҚР СІМ), ҚР СІМ-нің шетелдік мекемелерімен және елшілік пунктерімен, аталғандары болмаған жағдайда, ҚР арнайы өкілеттілігі бар өкілдерімен беріледі.
Қабылдаушы тараптағы ұйымдардың өтініші бойынша шетелдіктерге көпретті виза берілуі мүмкін.
Екінші нұсқа. Е-visa
2019 жылдан бастап 105 мемлекет азаматтары туристік, 18 мемлекет азаматтары емдік немесе іскерлік мақсаттағы визаны электронды түрде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды.
Электронды виза (іскерлік, емдік, туристік санаттағы) қазақстандық тараптың әрекеттегі шақыртуы негізінде рәсімделеді. Шетелдік турист аталған шақыртуды алу үшін, қабылдаушы тарап (туристік виза болса, тек туроператор немесе туристік агенттік) ҚР ІІМ-нің көші-қон қызметі комитетінің бөлімшелеріне сәйкес құжаттар жиынтығын тапсыруы керек. Шақыртуды растауды қарастыру мерзімі – 5 жұмыс күні. Бұдан кейін қабылдаушы тарапқа шақырту номері беріледі. Номер электрондық визаны рәсімдеу үшін шетелдік туристке тапсырылады.
Одан кейін турист электрондық визаны www.vmp.gov.kz порталы арқылы рәсімдей алады.
Виза санаттары:
Шетелдіктер электронды виза арқылы Қазақстан Республикасы аумағына/аумағынан кіру/шығу әрекеттерін Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларының өткізу пункттері арқылы ғанаіске асыра алады. Туристің өз еншісінде қағазға басылған виза болуы шарт.
Қосымша ақпаратты ҚР ІІМ-нің сайтынан біле аласыз.
Қазақстан Республикасы визаларын беру және әрекет ету мерзімін ұзартуға келесі жағдайлар негіздеме бола алады:
Кіру визасын беру үшін негіздеме шетелдіктердің Қазақстанға келу мақсаттарына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, Қазақстанда таныстарының немесе туыстарының шақыртуы бойынша – жеке мақсаттармен, іскерлік, білім алу не туризм мақсатымен келгендер Қазақстан аумағында жұмыс жасауға және келу мақсатына қатысы жоқ өзге қызметпен (ҚР заңнамалық актілерімен қарастырылған жағдайлардан басқасы) айналыса алмайды.
Виза санаттары, олардың берілу тәртібі, әрекет ету мерзімінің қысқартылуы мен ұзартылуын ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісуімен, ҚР ІІМ мен ҚР СІМ анықтайды.
Визасыз кіру бойынша келісімі бар үшінші елге жету үшін Қазақстан аумағын транзит арқылы жүріп өтетін шетел азаматынан міндетті түрде Қазақстанның транзиттік визасы талап етіледі.
Қазақстан Республикасын автокөліктік құралдармен транзиттік жүріп өту, соның ішінде халықаралық автомобильді жүк тасымалы, тек халықаралық автомобильді қатынасқа ашық жолдар арқылы іске асады.
Шетелдіктер көші-қон полициясы органдарында тіркелу керек пе?
2020 жылдан бастап, 2019 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған Заңға сәйкес, Қазақстан аумағына 30 күнге дейінгі мерзімге келген шетелдіктер үшін міндетті тіркеу қажеттілігі жойылды. Дегенмен, қабылдаушы тарап үшін турист ел аумағына келген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде көші-қон қызметін шетелдік қонақтың келгендігі жайлы хабарландыру міндеттемесі сақталады.
Ол үшін виза-көші-қон порталында келесідей әрекеттерді орындау қажет:
Қызмет тегін. 2014 жылдан бастап ҚР ІІМ-мен іске асырылуда.
Шетел азаматының Қазақстан аумағына 30 тәуліктен артық мерзімге келуі
Шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағына 30 тәуліктен артық мерзімге келетін болса, қабылдаушы тарап (қонақ үй, хостел, жалдамалы тұрғын үй, емдік-сауықтыру мекемесі және т.б. заңды немесе жеке тұлға) қонаққа уақытша тұруға рұқсат (тіркеу) рәсімдеуге міндетті.
Назар аударыңыз: шетелдіктерді тіркеу және Қазақстан аумағына шетел азаматының келуі жайлы хабарлау – қабылдаушы тарапқа жүктелетін екі бөлек міндет.
Қазіргі жағдайдағы негізгі міндеттердің бірі - туристердің келу процестерін жеңілдету үшін ақпараттық жүйелерді цифрландыру және кеңінен енгізу. «eQonaq» (eHotel) — туристерді есепке алуға, туристік ағынды талдауға және көші-қонды бақылауды жақсартуға арналған бірыңғай ақпараттық жүйе. Аталған ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу туризмді дамыту жөніндегі 2019-2025 бағдарламасы шеңберінде Мәдениет және спорт министрлігі Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жәрдемімен жүзеге асырылады.
Жүйені SmartBridge интеграциялық порталы арқылы ҚР ІІМ «Көші-қон полициясы» ақпараттық жүйесі сервисімен интеграциялау жүзеге асырылды.
Жүйенің 6 негізгі міндеті бар:
Жүйе ел ішіндегі туристік ағымдар бойынша талдау жүргізуге көмектеседі. Қандай қонақ үйлерді және қай аймақты таңдайтынын білуге болады. Мұндай цифрлық платформалар мен қосымшалар бүкіл әлемде бар, туристік қызметтердің сапасы мен отандық қонақ үйлердің тартымдылығын арттырады.
Жүйеде туристер орналасатын арнайы орындар (қонақүйлер, жатақханалар, демалыс базалары) тіркелген сондай-ақ kazakhstan.travel. порталында қолжетімді, ол жерде туристер бөлмелерге тапсырыс бере алады, ал брондау үшін «eQonaq» қонақүйдің жеке кабинетіне кіреді. Жүйе web-камера немесе смартфон камерасы арқылы 190-нан астам елдің паспорттарын тани алады, жүйеде туристерді тіркеудің 54% - ы осы функция арқылы жүзеге асырылады. Шетелдік туристердің келу мерзімдері заңын сақтау үшін «eQonaq» жеке кабинетінің басты бетінде көші-қон анықтамалығы ұсынылған. Нақты уақыт режимінде жүйе өңірлер бөлінісінде туристік ағын және турист портреті бойынша деректер береді, артықшылықты пайдаланушыларға қолжетімді, тіркелмеген пайдаланушылар үшін басты бетте ай сайын туристік ағын туралы нақты ақпарат бар дайджест жарияланады.

Жүйе 2020 жылдың қараша айында іске қосылды.
2022 жыл 20 шілдедегі мәлімет бойынша жүйеде 265 715 шетелдік турист тіркелді, олардың келуі туралы «Көші-қон полициясы» жүйесіне хабарлама жіберілген. Туристер орналасқан жерлерге (қонақүйлер, хостелдер, демалыс үйлері және т.б.) тіркелгеннен кейін жеке кабинеттерде немесе мобильді қосымшада хабарламаларды қабылдау туралы анықтамалар ұсынылады.
Ақпараттық жүйе пайдалануға берілген сәттен бастап Жүйені сүйемелдеу, орналастырылатын орындарында енгізу және Жүйені дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Назар аударыңыз!
2022 жылғы 8 маусымнан бастап Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер үшін шекарадан өту кезінде вакцинация мен ПТР-тестті растау бойынша талаптар жойылады. Мұндай шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.
Ведомствоаралық комиссия мына талаптардың күшін жою туралы шешім қабылдады:
Біз Қазақстанға келетін барлық саяхатшыларды сапарларын жоспарлау кезінде елдегі ағымдағы жағдай туралы хабардар болуға және Қазақстанда болу кезінде өзгеретін жағдайлар туралы хабардар болуға шақырамыз.
Қазақстанның туристік бағыттары туралы сенімді ақпарат алу үшін туристік агентпен, қонақүй өкілдерімен, туроператорлармен және жергілікті ақпарат орталықтарынан кеңес алыңыз.
УВАЖАЕМЫЕ ГРАЖДАНЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН, УВЕДОМЛЯЕМ ВАС О ТОМ, ЧТО ОФОРМЛЕНИЕ НОВОГО ПАСПОРТА РК ЧЕРЕЗ КОНСУЛЬСКИЙ ОТДЕЛ ПОСОЛЬСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН В СВЯЗИ СО СМЕНОЙ ФАМИЛИИ, ИМЕНИ ИЛИ ОТЧЕСТВА, ВОЗМОЖНО ТОЛЬКО ПРИ НАЛИЧИИ РАЗРЕШЕНИЯ НА ВЫЕЗД НА ПОСТОЯННОЕ МЕСТО ЖИТЕЛЬСТВО ОТ КОМПЕТЕНТНЫХ ОРГАНОВ РК.
ПРИ ОФОРМЛЕНИИ ПАСПОРТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ГРАЖДАНАМИ, КОТОРЫЕ ПРОЖИВАЮТ НА ТЕРРИТОРИИ ЧЕШСКОЙ РЕСПУБЛИКИ ПО ДОЛГОСРОЧНОЙ ВИЗЕ ИЛИ У КОТОРЫХ НЕТ ОТМЕТКИ МВД РК О ВЫЕЗДЕ НА ПМЖ, В ОБЯЗАТЕЛЬНОМ ПОРЯДКЕ НЕОБХОДИМО ИМЕТЬ РЕГИСТРАЦИЮ ПО МЕСТУ ЖИТЕЛЬСТВА (ПРОПИСКУ) В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН.
Для подачи документов на восстановление паспорта гражданина РК заявителю необходимо явиться лично и предоставить в консульский отдел Посольства РК в ЧР следующие документы:
1. Заявление в консульский отдел (заполняется на месте) - 2 экз.;
2. Копия паспорта гражданина РК (страницы с личными данными, отметкой МВД РК о выезде на ПМЖ в Чехию и консульским учетом) - 2 экз.;
3. В случае ПМЖ в ЧР (trvalý pobyt), справка об отсутствии гражданства Чешской Республики (выдает krajský úřad/městská část по месту прописки) (согласно требованиям МВД РК наличие справки обязательно; оригинал справки должен быть снабжен штампом апостиль (в МИД ЧР) и официальным переводом документа и апостиля на государственный или на русский языки у судебного переводчика, указанная справка должна быть предъявлена в консульский отдел Посольства РК в ЧР в течение 3 месяцев после выдачи;) - 1 экз.;
4. Категория лиц для документирования через Посольство (необходимо предоставить один из нижеперечисленных документов):
Студенты ВУЗа - справка с места обучения с полными данными и официальным переводом на государственный или русский языки у судебного переводчика, наличие прописки в РК обязательно (адресную справку предоставлять не нужно) - 1 экз.;
Работа по трудовому договору - трудовой договор сроком не менее 6 месяцев (со дня подачи документов на паспорт) или на неопределенный срок с официальным переводом на государственный или на русский языки у судебного переводчика, при условии, что имеется прописка в РК (адресную справку предоставлять не нужно) - 1 экз.;
ПМЖ в ЧР (trvalý pobyt) - копия подтверждения разрешения на выезд на постоянное место жительство от компетентных органов РК.
Пенсионер - необходимо чтобы была прописка в Республике Казахстан (адресную справку предоставлять не нужно);
5. Если меняете паспорт впервые после регистрации брака - Оригинал и копия свидетельства о заключении брака, расторжении брака, смерти супруга(-и), (если брак был заключен либо расторгнут или зарегистрирована смерть супруга(и) в ЧР, то оригинал документа должен быть снабжен штампом апостиль, + предоставляется нотариально заверенная копия с официальным переводом документа и апостиля на государственный или на русский языки у судебного переводчика) - 1 экз.;
6. Оригинал и копия свидетельства о перемене фамилии, имени, отчества (если заявитель менял) (если свидетельство было выдано в ЧР, то оригинал документа должен быть снабжен штампом апостиль, + предоставляется нотариально заверенная копия документа с официальным переводом свидетельства и апостиля на государственный или на русский языки у судебного переводчика) - 1 экз.;
7. Фотокарточки 3,5 x 4,5 - 4 шт. (фотография должна соответствовать возрасту заявителя на момент подачи документов в консульское отделение, выполнена строго в анфас на белом фоне без улыбки, лицо должно составлять не менее 75% площади фотографии, при этом над головой и по бокам должен оставаться белый кант);
8. Протокол с полиции ЧР о том, что потеряли или украли паспорт (протокол должен быть с официальным переводом на государственный или на русский язык у судебного переводчика) - 1 экз;
9. Оригинал квитанции об оплате в размере 75 евро на расчетный счет Посольства РК в ЧР в банке ČSОВ. (оплату необходимо провести после записи на прием! консульский сбор необходимо оплатить в отделении банка, вложив нужную сумму на расчетный счет);
Československá Obchodní Banka, a.s.
Счет: 241079389/0300
Embassy of the Republic of Kazakhstan.
SWIFT: CEKO CZPP
IBAN: CZ 290300 0000000241079389
Срок обработки документов составляет 3-4 месяца
Приёмные часы: нажмите на ссылку
Телефон: 233 375 643
Просьба не звонить в приемные часы!
Е-mail: consul.prague@mfa.kz
Внимание!
Документы по почте не принимаются. Консульский отдел Посольства РК в ЧР не несёт ответственность за сохранность документов, направляемых заявителями по почте. Консульский отдел сохраняет за собой право требовать от заявителей предоставления дополнительных документов.
В соответствии с пунктом 7, статьи 554, параграфа 2 Налогового кодекса Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан № 99-IV ЗРК от 10 декабря 2008 года, уплаченные суммы консульских сборов возврату не подлежат.
В этой связи, перед тем как перевести финансовые средства за те или иные консульские действия на банковский счет Посольства РК в ЧР, просим внимательно изучить интересующую информацию по консульским услугам, в том числе по суммам консульского сбора и реквизитам банковского счета. Заявления по возврату финансовых средств по ошибочно переведенным или переплаченным суммам консульского сбора, а также претензии по данному вопросу рассматриваться не будут.
2021 жылғы 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын партиялар тізімі
|
№
|
Партия атауы |
Сайт |
Сайлауалды бағдарлама |
Кандидаттар тізімі |
|
1 |
«Adal» |
|
|
|
|
2 |
«Ақ-жол» |
|
|
|
|
3 |
«Ауыл» |
|
|
|
|
4 |
«Нұр-Отан» |
|
|
|
|
5 |
Қазақстан халық партиясы(бұрынғыҚазақстан коммунистік халық партиясы). |
|
|
|
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 273 сайлау учаскесінде
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының
кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.
Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.
«Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі» жанындағы № 273 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін (Чех Республикасы) аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) (kazconsulprague@gmail.com) электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
+420 233 375 643
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 10-бабының 5-тармағына, 12-бабының 1), 2) және 5) тармақшаларына, 14-бабының 4-1) тармақшасына, 24, 25, 26, 26-1-баптарына, 48-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті атқарушы органдар:
1) сайлаушылар тізімдерін қалыптастыруды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/197 қаулысына сәйкес қамтамасыз етсін;
2) сайлаушылар тізімдерінің толықтығы мен дұрыстығы, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты тәуекелдердің алдын алу, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында сайлаушылардың тізімге енгізілгенін тексеру бойынша ақпараттық сервистердің (Call-орталықтар, цифрлық сервистер, интернет-ресурстар) барынша жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
3) азаматтарға оларды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы ақпарат беру жөніндегі Call-орталықтардың жұмысын ұйымдастырсын;
4) азаматтарды өңірде іске асырылатын сервистер туралы, оның ішінде уақытша тіркелген азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу тәртібі туралы кеңінен хабардар етуді қамтамасыз етсін;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес сайлаушылардың тізіміне енгізу туралы азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру бойынша жұмыс топтарын құрсын және қызметін ұйымдастырсын;
6) сайлаудан кемінде отыз күн бұрын келіп түскен жазбаша өтініш негізінде тиісті аумақтық сайлау комиссиясына азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін;
7) дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссияларына белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етсін.
2. Аумақтық сайлау комиссиялары:
1) жергілікті атқарушы органдардың азаматтарды сайлаушылар тізіміне сайлауға кемінде отыз күн қалғанда келіп түскен жазбаша өтініштің негізінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсынуды қамтамасыз етсін;
2) жергілікті атқарушы органдардың дауыс беруге арналған сайлаушылардың өзекті тізімдерін акт бойынша ұсынуының уақтылылығын бақылауды қамтамасыз етсін;
3) сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдардан алған күннен бастап екі күн мерзімде оларды электрондық түрде Орталық сайлау комиссиясына тапсырсын;
4) учаскелік комиссиялардың белгіленген тәртіппен сайлаушылар тізімдерін танысу үшін уақтылы ұсынуын бақылауды қамтамасыз етсін;
5) сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда учаскелік сайлау комиссиясының шешімі бойынша бір күн мерзімде бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына хабарласын.
3. Учаскелік сайлау комиссиялары:
1) дауыс беру күніне он бес күн қалғанда тиісті учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларында танысу үшін сайлаушылар тізімдерін ұсынсын;
2) сайлаушылар тізімдеріне енгізу, олардан шығарып алу немесе сайлаушылар тізімдеріне түзетулер енгізу қажеттігі туралы арыздарды сайлау комиссиясына арыз келіп түскен күні қарауды қамтамасыз етсін;
3) сайлаушылар тізімдеріне өзгерістер енгізілген жағдайда бұл туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясына дереу хабарласын.
4. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының сайлауында жергілікті атқарушы органдардың Call-орталықтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. Осы қаулы Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында орналастырылсын және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдеріне, аумақтық сайлау комиссияларына орындау үшін жіберілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 27 қазан,
№ 32/339
Азаматтығын жоғалту – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың түрі.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту негіздері:
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.
Азаматтықтан шығу – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату түрі. Шетелде тұрақты тұратын адамның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.
Назар аударыңыз!
Құрметті азаматтар,
Консулдық алымдарды төлеу үшін реквизиттер мен төлем тәсілдерін құжаттарды тапсырған кезде қабылдау терезесінде нақтылап білуге болады.
Алдын ала сатып алынған билетке, еңбек демалысының басталуына және т.б. байланысты қандай да бір ерекшеліктер немесе жеңілдіктер қарастырылмаған. Визаның құжаттары Қазақстанға кетуден үш ай бұрын ұсынылуы тиіс.
Төленген консулдық алымдарды қайтаруға қатысты.
2008 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 99-IV бұйрығымен бекітілген ҚР салық кодексінің 2-параграфы 554 бабы 7 тармағына байланысты, төленген консулдық алымдар қайтарылмайды.
Осыған орай, Сіз консулдық алымды төлер алдында, керекті қызметтің консулдық алымы мен Елшіліктің банк шотын мұқият тексеріп алуларыңызды сұраймыз!
Қате төленіп қойған, артық төленіп қойған консулдық алмыдарды қайтару туралы арыздар мен кінарат-талаптар қабылданбайды.