
|
|
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Консулы: Байланыс нөмірлері: Жұмыс тел.: +420 233 375 643 Ұялы тел.: +420 734 735 810 E-mail: kazconsulprague@gmail.com |
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысына және Қазақстан Республикасы 1993 жылдың көктемінде қосылған 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына сәйкес ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін қызметтер көрсетеді.
КОНСУЛДЫҚ БӨЛІМНІҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ:
Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма.
Сәрсенбі - қабылдамайтын күн. Демалыс күндері және Қазақстан мереке күндері: жабық.
Мекенжайы: Pod Hradbami 662/9 160 00 Praha 6, Střešovice.
Құжаттарды қабылдау 09:30 - 12:30 аралығында алдын-ала жазылу арқылы жүргізіледі.
Телефон арқылы кеңес беру: 15:00 - 16:00 аралығында +420 233 375 643 байланыс нөмірі арқылы беріледі.
*Консулдық қызметтер/ құжаттар тізімі жөнінде сұрауды мына электрондық поштаға жазуды өтінеміз: kazconsulprague@gmail.com
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел жәрдем байланысы: +420 734 735 810
Назар аударыңыз!
Бұл жедел қызмет нөмірі арқылы мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат берілмейтінін ескеріңіз.
Жедел телефон нөмірлеріне Чех Республикасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда (туысқанының немесе досының қайтыс болуы, ұстау, полиция қызметкерлерімен қамауға алу) ғана хабарласу қажет.