Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Франция арасындағы мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастық өзара мүдделілік негізінде дәйекті түрде дамып келеді.

Білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін Жоғары білім беру және ғылыми-зерттеу салаларындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім берік негізін қаланды, оған Францияның Сыртқы істер министрі Л.Фабиустың Астанаға сапары барысында 2013 жылдың 1 наурызында қол қойылған (2016 ж. 4 сәуірде күшіне енді). Сол жылы 17 қыркүйекте Алматыға сапары барысында Франкотілдес істер министрі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында «Сорбонна-Қазақстан» университетін құру туралы келісімге қол қойды.

2015 ж. 5 қарашада Н.Назарбаевтың Францияға жасаған сапары барысында ғылыми ынтымақтастықты және жоғары білім саладағы, оның ішінде кәсіптік білім беру саласында ынтымақтастықты дамыту қарастырылған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі мен Франция Республикасы Жоғары білім және ғылым, ұлттық білім министрлігінің Жоғары білім және ғылым министрінің бірлескен декларациясына қол қойылды.

2017 ж. 16 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Сорбонна Париж-Сите 7 Дидро Университеті арасындағы екі жақты ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды, онда екі жақты диплом беру, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары, студенттер мен оқытушылармен алмасу, өзара ғылыми тағылымдамалар қарастырылған.

2022 ж. жай-күй бойынша Францияда 700-ге жуық қазақстандық білім алады, оның ішінде  «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша.

«Альянс Франсэз» мәдени-білім агенттігінің өкілдері Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларында сәтті жұмыс істейді.

2017 ж. 16 қазанда «Рухани шаңырау» бағдарламасының халықаралық тұсаукесері аясында ҚР Ұлттық кітапханасының 200 қазақстандық кітап «BULAC» Шығыс тілдері және өркениеттер кітапханасының қорына аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша екі кітапхана арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Денсаулық сақтау саласындағы тығыз ынтымақтастық жалғасуда. 2014 ж. 13 ақпанда Астана қаласының әкімдігі мен Гюстав Русси атындағы француз онкология институты арасында Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, оның негізінде қазақстандық медицина қызметкерлеріне институттың Париждегі ауруханасында практикалық сабақтардан өту мүмкіндігі берілді.

Тұрақты негізде Францияда тұратын этникалық қазақтар қауымдастығымен қарым-қатынас сақталады. Бірлескен мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіледі. 2013 ж. 18-19 мамыр және 2022 жылғы 4-5 маусымда Парижде еуропалық қазақтардың кішігірім құрылтайы өтті.

Соңғы жылдары екі ел арасындағы мәдени байланыстар айтарлықтай кеңейді.

2013-2014 жж. Қазақстан мен Францияда екіжақты қарым-қатынас тарихында алғаш рет мәдениетаралық маусымдар өткізілді, оның барысында екі ел халықтары бай мәдени мұрасы мен заманауи өнердің жоғары деңгейімен танысты.

Жалпы айтқанда қазақстандық суретшілер Парижде ғана емес, сондай-ақ Францияның басқа қалаларында танымал театрлар мен концерт залдарының сахнасында өнер көрсетті.

Президент Н.Назарбаевтың Парижге ресми сапары қарсаңында (2015 ж. 4-6 қараша аралығында) Францияның Құрмет Легионының ұлттық мұражайына Қазақстан Республикасының мемлекеттік тапсырыстары мен медальдарының үлгілері берілді.

2016 ж. 23-25 маусым аралығында Астана қаласына «Байқоңыр» ғарыш айлағына генерал Ш. де Голль келуінің 50-жылдығына орай де Голль қорының президенті Ж.Годфрен бастаған француз делегациясы келді. Сапар барысында бірқатар мәдени шаралар өткізілді (Ұлттық музейдегі конференция, «Француз Альянста» дөңгелек үстел, Ұлттық және Әскери-тарихи мұражайларға бару, Оқушылар сарайында көрме, пошта маркасының тұсаукесері, Сенат депутаты И.Адырбековпен, Сыртқы істер министрлігінің, Индустрия және даму министрлігі Аэроғарыштық агенттігінің басшыларымен кездесулер өткізілді).

  • 2016 ж. 9 мамыр - 9 маусым аралығында «Карусель» Лувр мұражайының сауда-көрме галереясында «Қазақстанның керемет сұлулығы» атты теңдессіз фотокөрме сәтті өтті.
  • 2016 ж. 13 қазанда Ренн мен Алматы қалаларының арасындағы бауырластық қарым-қатынастардың 25-жылдығына орай Ренн қаласының Алматы бақшасында Абай бюсттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
  • 2017 жылдың қаңтарында Парижде Францияда қазақстандық студенттердің бастамасы бойынша «Қорқыт» қазақ мәдени орталығы ашылды, оның шеңберінде қазақ тілінде сабақ жүргізіліп, қазақтың халық аспаптары мен пианинода ойнауды үйретеді. Елшіліктің қолдауымен Орталық әрдайым мерекелік іс-шаралар мен концерттерді өткізеді.
  • 2017 жылдың мамыр айында Канн 70-кинофестивалінде халықаралық кинематографиялық қоғаммен мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға және ұлттық фильмдерді бірлесіп өндіру және қаржыландыру үшін әлеуетті серіктестерді тарту, тәжірибе алмасу және қазақстандық киноиндустрияны жаңғырту, сондай-ақ туризмді дамыту мақсатында ұлттық кинематографияның тарихында Қазақстанның ұлттық павильоны тұңғыш рет ашылды.

2017 ж. 17 қазанда ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Елшіліктің қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қоғамдық сананы модернизациялау: Нұрсұлтан Назарбаевтың моделі» атты ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырды, оған Қазақстанның және шетелдің саяси және мемлекеттік қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, ғылыми, мәдени және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. «Жаһандық әлемдегі қазіргі Қазақстандық мәдениеті» атты жобасын іске асыру аясында еліміздің мәдениеті, әдебиеті, өнері, білім беру және туристік әлеуеті туралы тақырыптық көрме ашылды. Сондай-ақ халықаралық презентацияның күн тәртібінде Қазақстан туралы және Астана туралы деректі фильмдер көрсетілді.

2017 ж. 18-19 қазан аралығында «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының халықаралық тұсаукесері аясында Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрінің, «Астана балеті» шеберлерінің және «Астана Опера» солисттерінің қатысуымен концерттер өтті.

2017 ж. 18 қазанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы және Ұлттық мұражайлар желісінің президенті С.Юбак екі елдің мәдениеті мен өнерін одан әрі ілгерілету және сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

2017 ж. 8 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі А.Райымқұлованың қатысуымен Қазақстан мен Францияның балет мектептерінің ректорлары арасында кездесу өткізді, кездесу шеңберінде тараптар Қазақстандағы балет өнерін дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

2017 ж. 3-4 желтоқсан аралығында «Astana Musical» театрының әртістері Париж және Канн қалаларында еуропалық гастрольдік турне аясында «Қыз Жібек» атты этно-фольклорлық музыкалық қойылымын ұсынды. 4 желтоқсанда Парижде Республикалық неміс драма театрының әртістері «Қарағұс» атты спектаклімен өнер көрсетті.

Стратегиялық әріптестік жылдарында елдер арасындағы мәдени байланыстар да айтарлықтай кеңейді. 2013-2014 жылдары Қазақстан мен Францияда екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғаш рет мәдениеттің тоғыспалы маусымдары ұйымдастырылған.

2018 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында Елшілік «Франциядағы Қазақстан күзі» әлеуметтік-мәдени жобасын іске асыруда, оның аясында елдің түрлі қалаларында дәстүрлі және классикалық музыка концерттері, спектакльдер, балет қойылымдары, көркем және фото экспозициялар, кинофильмдер көрсетілімдері, сән көрсетілімдері, кітаптардың тұсаукесерлері және басқа да мәдени іс-шаралар өткізілуде.

Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап Париждің орталық туристік аудандарында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар өткізілуде.

Франциядағы Елшіліктің жанында қазақ тілін үйрену, ұлттық аспаптарда ойнауды үйрету, сурет салу және т.б. бойынша курстар өткізетін «Қорқыт-Абай» орталығы жұмыс істейді.

2016 жылы Алматы мен Ренн қалалары арасындағы бауырластық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай Ренн қаласының Алматы бағында Абай бюсті ашылды. 2020 жылы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар естелік іс-шаралар өткізілді, оның ішінде Абайдың өлеңдерін келген елінің тілінде оқу және ақын шығармаларының жинағын француз тілінде Франция қалаларының кітапханаларына тапсыру.

2020 жылдың мамыр айында ҚР СІМ қамқорлығымен, ҚР МСМ және Абай атындағы ҚМАОБТ қолдауымен, Елшілік «Қасиетті соғыс» музыкалық бейнежобасын ұсынды, оның орталық элементі ҚР Елшісі Ж.Галиев алғаш рет француз тіліне аударған және Абай атындағы ҚМАОБТ хоры орындаған В.Лебедев-Кумач пен А. лександровтың аты аңызға айналған патриоттық әні болды. Бейнероликке қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуының мұрағаттық кадрлары енгізілді және Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі атап өтілді.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Франциядағы Елшілігі француз пошта қызметінің естелік маркаларын шығарды. Сонымен қатар, Елшіліктің кіру тобын безендіретін баннерлер жасалды. 2021 жылғы 6 желтоқсанда Париждегі ақындар саябағында Абай бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Сонымен қатар, осы күнге орайластырылған келесі іс-шаралар өткізілді: «Petites mains symphoniques» оркестрінің жас француз музыканттарының және «Қорқыт-Абай» мәдени орталығы әртістерінің концерті жазылғаны, мүмкіндігі шектеулі жас қазақстандықтардың «Әлем балалар көзімен» атты жұмыстарының көркем көрмесі, «Әуез ханның қырық ұлы» қазақ ертегісінің француз тіліне аударылған көрсетілімі, «Барымташылар. Уақыт жолдары» атты фильмнің тұсаукесерлік көрсетілімі, Қазақстандық «Форте трио» тобының Франция қалаларындағы гастрольдері өтті (Париж, Страсбург, Мулюз және Лион).

Балаларды қорғау күніне орай Елшілік «Балдәурен» балалар ансамблінің қатысуымен «Chanson pour la paix» әнімен бейнеролик әзірледі. Бұл жоба ЮНЕСКО қауымдастығының, Халықаралық мәдени дипломатия қауымдастығының және Халықаралық би кеңесінің Сен-Жармен-ан-Лэ секциясының қолдауымен жүзеге асырылды.

Домбыра күніне орай, 2021 жылдың 3 шілдесінде «Қорқыт-Абай» мәдени орталығы Ершіліктің ғимаратында орталық оқушыларына арналған қуыршақ театрын ұйымдастырды. Домбырада ойнау сүйемелдеуімен «Қайырлы түн, Мюлотт» ертегісі ұсынылды.

2022 жылғы 24 сәуірде ҚР Страсбургтегі Бас консулдығы мен Эльзас департаменті басшылығының қолдауымен "Қазақстан-Эльзас бейбітшілік, достық және келісім үшін" веложарысы өтті, оның шеңберінде француз қонақтарын қазақ мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыру, сондай-ақ ұлттық тағамдардың дәмін тату ұйымдастырылды.

2022 жылғы 24 қыркүйекте "Франциядағы қазақстандық күздің" төртінші маусымы ашылды, оның шеңберінде картиналар көрмесі, концерттер ұйымдастыру және Франция кинотеатрларында қазақстандық фильмдерді көрсету көзделеді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Қазақстан: туристік жолсілтеме
Ахмет Байтұрсынов
«КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ Н. НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ
Медиагалерея
0
Қазақстанға қош келдіңіз!
0
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері
События
08 сентября
V Дүниежүзілік көшпенді ойындары
06 ноября
"Қазақстан: Ұлы дала жауһарлары" көрме
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Telegram
Twitter
Facebook
youtube

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы