Меню
Страницы
Елшілік туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Все материалы
ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Қазақстан Республикасының ұлттық паспортын рәсімдеу тәртібі зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар үшін
11 сентября 2020

Азаматтың жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар адамдарға паспорт ресімдеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

 

Жаңа паспорт ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  1. Өтініш және сауалнама (құжаттарды тапсыру күні толтырылады);
  2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);

-паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайында құжаттың жоғалуы немесе ұрлануы туралы милицияға хабарлап және оны растайтын құжатты ұсыну қажет;

-жеке куәліктің көшірмесі;

-Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);

-Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);

  1. өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті бірдей төрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
  2. өтініш берушінің Беларуссияда болу мәртебесін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі (түпнұсқа және көшірме):

- адамның тыныс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулықтың бұзылу фактісін растайтын құжат;

- зейнеткердің жеке куәлігі.

  1. болу еліндегі құзыретті органнан алған азаматтығының жоқ екені туралы анықтама (ҚР Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасы азаматы басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды);
  2. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы –              100 АҚШ доллары.

(Төлем банкте төлем жолдамасы бойынша, құжаттардың толық пакеті ұсынылғаннан кейін ғана жүргізіледі).

 

Ескертпе:

Құжаттандырылатын тұлғаның деректерін салыстыру үшін оның туу туралы куәлігін, неке қию туралы куәлігін ұсыну қажет.

* тізбедегі қазақ немесе орыс тілінде берілмеген құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылуы, ал аудармасы нотариалды куәландырылуы тиіс. Аударманың тек 1 данасы ғана нотариалды куәландырылады (екінші данасын қосымша куәландыру талап етілмейді)..

** Қазақстанда міндетті түрде тіркелу қажет.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі күнтізбелік сексен күнді құрайды, қосымша қарау және (немесе) тексеру жүргізу қажет болған кезде көрсету мерзімі күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Қазақстан туралы
27 августа 2020

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие. Ақша бірлігі – теңге.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, сонымен қатар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының  нышаны және кепілі.

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне жетекшілік жасайды.

Заң шығару қызметін тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады. Сенатты конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттар құрайды. Сенатта ұлттық-мәдени және қоғамның өзге де елеулі мүдделерінің қамтамасыз етілуі қажеттігі ескеріліп, он бес депутатты Президент тағайындайды.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан құралады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – бес жыл. Қазіргі уақытта Мәжілісте үш партия – «Нұр Отан», «Ақ жол»   және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы өкілеттілік етеді.  

Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша ел 14 облыстан және республикалық маңызы бар 3 қаладан тұрады.

Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асады. 2009 жылғы ұлттық санақ бойынша Қазақстан қоғамының ұлттық құрамы төмендегідей болды: қазақтар - 63,07 %, орыстар - 23,70 %, өзбектер - 2,85 %, украиндар - 2,08 %, ұйғырлар - 1,40 %, татарлар - 1,28 %, немістер - 1,11 %, өзге ұлттар - 4,51 %.

2 млн. 724,9 мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан еліміз әлем елдері арасында жерінің көлемі бойынша тоғызыншы орында. Солтүстігі мен батысында еліміз Ресеймен – 7 591 шақырым (әлемде құрғақтағы ең ұзын үзіліссіз шекара), шығысында Қытаймен – 1 783 шақырым, оңтүстігінде Қырғызстанмен – 1 242 шақырым, Өзбекстанмен – 2 351 шақырым және Түркіменстанмен – 426 шақырым шекара арқылы шектеседі. Құрғақтағы шекарасының жалпы ұзындығы – 13 200 шақырым.

Қазақстан – әлемдік мұхитпен тікелей жалғаспайтын әлемдегі ең ірі ел. Ел аумағының ауқымды бөлігін – 44%-ын шөлдер және 14%-ын шөлейтті жерлер алып жатыр.  Далалық жерлер Қазақстан аумағының 26%-ын, орман-тоғайлар 5,5%-ын құрайды. Қазақстанда 8,5 мың өзен бар. Каспий акваториясының солтүстік-шығыс бөлігі республика шегіне кіреді. Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан арасында бөлінген. Қазақстанда  үлкен және шағын 48 мың көл бар. Оның ең ірілері – Арал теңізі, Балқаш, Зайсан және Алакөл. Мұхиттардан алыстығына байланысты елдің ауа райы күрт континентальды болып келеді.

Еліміздің минералдық-шикізаттық базасы 5000-нан астам кен орнынан құралады, олардың болжамды құны ондаған триллион АҚШ долларына бағаланады. Республика әлемде мырыш, вольфрам және бариттің барланған қоры бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хромит қоры бойынша – екінші, мыс және флюорит бойынша – үшінші, молибденнен – төртінші, алтын қоры жөнінен  алтыншы орын алады.

Сонымен қатар, Қазақстан батыс облыстарда шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай мол (анықталған мұнай қоры жөнінен әлемде 9-орында тұр) қорына ие. Сонымен қатар, республикамыз көмір қоры бойынша 8- орында және уран қоры бойынша 2-орында.  

Қазақстан әлемдегі ең жетекші астық экспорттаушылар ондығына кіреді және ұн экспорттаудан да көш бастаушылардың бірі саналады. Егін шаруашылығы солтүстікте дамыған – егістіктің 70 %-ы бидай, арпа, тары сияқты дәнді және техникалық дақылдарға тиесілі. Елдің оңтүстігінде күріш, мақта, темекі өсіріледі. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің бауларымен, жүзімдіктерімен және бақша өнімдерімен де мәлім. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы мал шаруашылығы болып саналады

Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі (ІЖӨ) 20 есеге –  700 АҚШ долларынан 14 мың долларға дейін өсті. Британдық мамандардың бағалауынша, ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы ең қарқынды 25 дамушы экономика арасынан Қазақстан тек Қытай мен Катарды ғана алға салып, 3-орын алады. Бүкіләлемдік банктің жіктемесіне сәйкес, республикамыз табыс деңгейі орташадан жоғары елдер тобына енді.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 200 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды, бұл – Орталық Азияға салынған инвестицияның 70% мөлшері. Елдің алтын-валюта резерві 2015 жылғы маусым айының басында 98 миллиард АҚШ долларын құрады, соның 69 миллиард доллардан астамы Ұлттық қорға тиесілі.

Бизнес жүргізу шарттары бойынша Бүкіләлемдік банк рейтингінде Қазақстан 2014 жылы 50-орынды иеленді. Ал Менеджментті дамытудың  халықаралық институтының (ІМD) жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде республикамыз 2015 жылы Испания, Түркия, Италия және өзге де көптеген елдердің алдына шығып, 34-орынға табан тіреді.

Экспортталатын басты тауарлар – кен өндіру, отын-энергетика, металлургия және химия өнеркәсіптерінің, сондай-ақ астық индустриясының өнімдері. Республиканың сауда саласындағы негізгі серіктестері – Ресей, Қытай, Еуропа және ТМД мемлекеттері.

Экономиканы әртараптандыру үшін елде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаға сәйкес, бүкіл ел бойынша бұрынғы кәсіпорындар мен  өндіріс орындары жаңғыртылып, жаңалары ашылуда.

Қазақстан елдің құрлықтағы басты байланыстырушы буын ретіндегі тарихи рөлін жаңғыртып, оны өңірдің аса ірі іскерлік және транзиттік хабына – Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік көпірге айналдыруға тиіс «Жаңа Жібек жолы» атты ауқымды жобаны жүзеге асыруда, ол. 2020 жылға қарай республика арқылы өтетін транзиттік жүк ағыны 2 есе дерлік өсуі тиіс. 

Мемлекет басшысы 2014 жылы «Нұрлы жол» ауқымды инфрақұрылымдық құрылыс бағдарламасын жариялады. Ол Қазақстанның өңірлерін күре жолдармен байланыстырып, логистикалық, әлеуметтік және индустриялық инфрақұрылымдарды жаңғыртуға бағытталған. 

Қазақстан «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» жүзеге асыруға кірісті. Бұл жұмыстар Бес халықтық реформаны – кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, заң үстемдігін, индустрияландыру мен  экономикалық өсімді, біртектілік пен бірлікті, есеп беруші мемлекет құруды қамтамасыз ету ісін жүзеге асыру мақсатында түбегейлі өзгерістерді қарастырады.

Елді ауқымды әлеуметтік жаңғырту жүзеге асырылып, жаңа мектептер, кәсіптік колледждер мен университеттер салынуда. Заманауи медициналық клиникалар мен ауруханалар ашылып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесі жетілдірілуде.   

Бүгінгі таңда республикада 130 этнос өкілі өмір сүреді, ұлтаралық қарым-қатынастардың үйлесімділігі жөніндегі консультативтік-кеңесшілік орган – Қазақстан халқы Ассамблеясы табысты жұмыс жасауда. Нұр-Сұлтанда тұрақты негізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтеді.

Еліміз Орталық Азиядағы көшбасшы бола отырып, өңірдегі тұрақтылықтың нығаюына үлкен үлес қосуда. Республика әлемдік деңгейде де зор табыстарға қол жеткізіп келеді. Мұны Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі мен 2010 жылғы желтоқсан айында Нұр-Сұлтанда осы беделді халықаралық ұйымның саммитін өткізуі дәлелдейді. ЕҚЫҰ-ның азиялық баламасы – АӨСШК  жобасын іске қосу елдің маңызды бастамасына айналды. Қазақстанның ислам әлеміндегі жетекші ұйым – ИЫҰ төрағасы ретіндегі жасампаз қызметі де оң баға алды. Сонымен қатар, еліміз жаһандық антиядролық қозғалыста жалпыға мойындалған көшбасшы болып саналады.

Қазақстан – Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі.

Экономиканың барлық саласындағы тұрақты өсім, халықаралық деңгейде мойындалу, саяси тұрақтылық қазіргі Қазақстан қоғамының өсіп-өркендеуінің негізіне айналып отыр. Қазақстан – өзінің мәдени дәстүрлерін сақтаған және зор жасампаз әлеуетін қазіргі әлемде табысты жүзеге асырып отырған, болашаққа ұмтылған ел. 

Консулдық және визалық мәселелер
02 июля 2020

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Консулы:

Әбдікеров Бекзат Жанабекович.

 

Байланыс нөмірлері: 

 

Жұмыс тел.: +375 (017) 276 01 08 

Ұялы тел.: +375 29 955-69-80 (тек төтенше жағдайларда)

 

Сіз Қазақстан Республикасының демалыс және мереке күндерінен басқа сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Консулдық бөлімге хабарласа аласыз, сондай-ақ бізге электрондық мекенжайға жаза аласыз.

 

E-mail: consul20minsk@gmail.com

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысына және Қазақстан Республикасы 1993 жылдың көктемінде қосылған 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына сәйкес ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін қызметтер көрсетеді.

 

 

 

 

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Консулдық есеп
17 февраля 2020

Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде консулдық есепке қоюдың мақсаты:

  • Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының болу елінің заңнамасымен Қазақстан Республикасы мен қабылдаушы болу мемлекет қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық әдет-ғұрыптармен берілген барлық құқықтарды пайдалануына жан-жақты көмек көрсету.

Консулдық есептің түрлері:

  • тұрақты консулдық есеп – шетелге тұрақты тұруға кеткен және ішкі істер органдарынан тұрақты тұруға кетуге рұқсат алған тұлғалар үшін;
  • уақытша консулдық есеп– уақытша болу мақсатында кеткен адамдарға арналған (оқу, іссапар, емделу,  туристік сапар және т.б.).

Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады

  • Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.

Тұрақты консулдық есепке тұру үшін:

  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
  • ҚР ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімі шешімі (салыстыру үшін);
  • толтырылған тіркеу карточкасы.

Уақытша консулдық есепке тұру үшін:

  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
  • толтырылған тіркеу картасы.
  • Еркін нысандағы өтініш.
  • Жеке басын куәландыратын немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
  • Тұрақты есепке қою туралы мөртабаны бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (болған жағдайда).

Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады

  • Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.
  • қызмет беруші арқылы – 2 жұмыс күні;
  • портал арқылы – 1 жұмыс күн.
  • Тегін 

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Минск қ., Победителей даңғылы, 67

Телефон арқылы хабарласыңыз: + 375 (017) 276 01 08 және / немесе электрондық пошта: consul20minsk@gmail.com.

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Қазақстан Республикасына оралуға арналған куәлікті ресімдеу
17 февраля 2020

Иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат.

Аталған құжатты Қазақстан Республикасының консулдық мекемелер:  

  • Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және келісімдерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;
  • Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда;
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;
  • Босқындарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін құжаттары жарамсыз не Қазақстан Республикасына келуге арналған құжаттарын жоғалтқан азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына ұстап берілген не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына берілген жағдайларда береді.

Қайтып оралуға арналған куәлік 3 айға дейін қолдану мерзіміне ресімделеді!

Назар аударамыз!!! Қайтып оралуға арналған куәлік Қазақстан Республикасына келген соң, кунтізбелік 10 күнге дейінгі мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылады және жоғалған жеке басты куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру материалдарына қосылады.

  • Еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда).
  • Жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (жоғалтқан жағдайда).
  • Өлшемі 3х4 см түрлі-түсті екі фотосурет.
  • Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
  • Жеке басын куәландыратын құжаттардың (болған кезде) бірінің түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы берілетін жеке басты куәландыратын электронды құжат, ал ол болмаған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толтырылған  сауалнама-өтініш.
  • Жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады (жынысын өзгерткен жағдайда).
  • жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған кезде - 2 жұмыс күні;
  • жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған кезде - 10 жұмыс күні.
  • 10 АҚШ доллары

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Минск қ., Победителей даңғылы, 67

Телефон арқылы хабарласыңыз: + 375 (017) 276 01 08 және / немесе электрондық пошта: consul20minsk@gmail.com.

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу
17 февраля 2020

     Бұл қызмет Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарына ұсынылады.

     Осы қызметті ұсынуға құжаттарды тапсырар алдында сілтемелер бойынша ҚР-да берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алдын ала тексеруді ұсынамыз:

  • Өтініш-сауалнама.
  • Отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелер болған кезде – алимент алушылар - егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге тәсілмен төлеу не кететін адамның кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін белгілеу туралы соттың шешімі беріледі.
  • Сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, атқарушылық құжатты беруге негіз болған тиісті орган шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар.
  • Ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы. Байланыс ақпараты қоса беріледі https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/article/details/200182?lang=kk 
  • Он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бірімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бірге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалды түрде расталған келісімі. Келісім болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
  • Консулдық алымды төлеу туралы құжат.
  • Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін көшіреді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Қазақстан Республикасының жеке куәлігінің түпнұсқасы алынады.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.

  • 3 ай
  • 140 АҚШ доллары

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Минск қ., Победителей даңғылы, 67

Телефон арқылы хабарласыңыз: + 375 (017) 276 01 08 және / немесе электрондық пошта: consul20minsk@gmail.com.

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Құжаттарды апостильдеу
17 февраля 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКЕМЕЛЕРІ БЕРГЕН ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬ МӨРІМЕН РАСТАУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТ

 Қазақстан Республикасы легализацияны жою жөніндегі 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының мүшесі болып табылады (бұдан әрі-Конвенция). Конвенцияға сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады Апостиль қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 сәйкес, апостиль қою бойынша өкілеттікке ие ұйымдар ретінде мына мемлекеттік органдар белгіленді:

-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

-Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

-Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;

-Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi;

-Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (келісім бойынша);

-Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі;

-Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша);

-Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнаулы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттар көшірмелеріне.

Аталған органдар өздерінің аумақтық органдарына апостиль қою жөніндегі өкілеттігін беруге құқылы.

ҚР-ның мемлекеттік органдары берген құжаттарға Апостиль мөрін қою үшін келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге 2 данада ұсынуыңыз қажет:

- еркін нысандағы өтініш;

- көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

- апостиль қоюға арналған құжат (түпнұсқасы және 2 дана көшірмесі);

- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. Консулдық алым 35 АҚШ доллар.

Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

Құжаттарыңыздың дайын екендігі туралы Сізге хабарлама жолдау үшін мекенжайыңыз көрсетілген маркаланған конверт (22 х 11 см) ұсынуды сұраймыз.

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Азаматтық хал актілерін тіркеу
17 февраля 2020

Туу туралы куәлік

Туу туралы куәлік беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518 «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 25 тарауымен реттеледі.

Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған кезде тіркеу болу елінің аумағындағы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не қоса атқаратын басқа елдегі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде жүргізіледі.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушіге, ата-аналары немесе басқа да мүдделі адамдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) баланы туған күннен бастап екі айдан кешіктірмей, ал бала өлі туған жағдайда, туу сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірмей береді.

Баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал бала өлі туылған жағдайда – туған сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірмей, қазақстандық үлгідегі неке қию туралы куәлігі бар, ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын баланың, көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды беру қажет:

1) 1-қосымшасына сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (салыстыру үшін);

3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

4) егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қазақстандық үлгідегі куәлік алуға нотариалды расталған келісім;

5) егер ата-анасының біреуі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасы;

6) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін);

7) баланың туу туралы медициналық куәлігі немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі не туу туралы куәліктің түпнұсқасы (салыстыру үшін) не баланың туу туралы актілік жазбаның көшірмесі;

8) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. Консулдық алым 25 АҚШ доллар.

Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі қосымша ұсынылады.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

!!!Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды аударылуға жатады.

!!!Өтініш баланың ата-анасының біреуінің жеке қатысуымен ғана қабылданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.

***

Неке қию (ерлі-зайыпты болу)

Неке қию туралы куәлік беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518 «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 27 тарауымен реттеледі.

Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, Елшіліктің консулдық бөліміне жеке жүгіну керек:

1) 1 қосымшаына сәйкес некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұруға өтініш;

2) некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар;

3) Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдіктің арасындағы некені тіркеу кезінде, шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынумен бірге, құжат мәтінінің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;

4) уәкілетті органдар берген некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұрған адамдардың некеге қабілеттілігі туралы анықтамалар;

5) алдыңғы некенің тоқтатылуын растайтын құжат (егер болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгендігі туралы белгісі бар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік немесе некені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі, біреуінің жары қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған ерлі-зайыптылар (тексеру үшін);

6) консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасы. Консулдық алым 35 АҚШ доллар;

7) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болса, мерзімді қысқартуға немесе ұзартуға негіз болатындығын растайтын қосымша құжат: медициналық жүктілік туралы медициналық біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулығы туралы анықтама, құжаттар, баланың басқа туу туралы куәліктің көшірмесі жағдайлар.

Егер неке жасына жетпеген адамдар некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұрса, қосымша мыналар ұсынылады:

1) 2 қосымшасына сәйкес неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті ата-аналары немесе қамқоршылары (қамқоршылары) ұсынады, онда некені (ерлі-зайыптылық) жасты азайту қажеттілігінің себептері көрсетілген және мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген қажетті құжаттар қоса берілген;

2) неке (ерлі-зайыптылық) жасының төмендеу себептерін растайтын құжаттар (жүктілік туралы медициналық біліктілік комиссиясының анықтамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-ананың туу туралы куәлігінің көшірмесі, неке туралы куәліктің көшірмесі / кәмелетке толмағанның ата-анасының ажырасуы, кәмелетке толмағанның ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (оларға) және кәмелетке толмаған азаматтардың өздеріне);

3) некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұрған адамдардың заңды өкілдерінің келісімі;

4) кәмелетке толмаған ата-ананың туу туралы куәлігі, неке туралы куәлік / кәмелетке толмағанның ата-анасының неке бұзу туралы куәлігі, кәмелетке толмағанның ата-анасының (олардың) және кәмелетке толмаған азаматтардың жеке куәліктері).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: жеке тұлғалар қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен - неке қию туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күннен бастап есептелінетін күнтізбелік он бесінші күні жүргізіледі.

***

 Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518 "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 28 тарауымен реттеледі.

Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бір-біріне мүліктік даулар мен өзге де наразылықтар болмаған кезде 1-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда (қазақстандық үлгідегі неке қию туралы куәлігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы некені бұзуды тіркеу үшін) беріледі. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы сотының жұбайын хабар – ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін жұбайын кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттау туралы Қазақстан Республикасы сотының үкімі негізінде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды қоса береді:

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

1) шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар (салыстыру үшін);

3) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. Консулдық алым 45 АҚШ доллар.

Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

1) 2-қосымшаға сәйкес жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғаны туралы Қазақстан Республикасының сот үкімінің негізінде жұбайлардың бірінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);

3) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп тану не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімі (салыстыру үшін);

4) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;

5) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. Консулдық алым 25 АҚШ доллар.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды аударылуға жатады.

Қызмет көрсету мерзімі:

1) жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсету мерзімі бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң;

2) хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу екінші жұбайының көрсетілетін қызметті берушіден қамаудағы не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысынан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншыдан хабарлама алған күннен бастап қырық бес күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады.

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

 ***

Қайтыс болу туралы куәлік

ҚР азаматының шет елде қайтыс болуы туралы куәлік беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518 "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 31 тарауымен реттеледі.

Қайтыс болу туралы өтінішті 1-қосымшаға сәйкес Кодекстің 270, 273-баптарында көрсетілген адамдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) келесі қажетті құжаттармен қоса, жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушіге береді:

1) шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 18-қосымшаға сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;);

2) медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі (салыстыру үшін);

3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, қайтыс болған адамның жеке куәлігі (болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетілуі тиіс);

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

5) қайтыс болған адамның әскери билеті (болған жағдайда);

6) қажет болған жағдайда жақын туысты растайтын құжат (салыстыру үшін).

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту
17 февраля 2020

Құрметті азаматтар!

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын және басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу үшін шет елдердегі мекемелерге мына құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін еркін нысандағы өтініш;

      2) Қазақстан Республикасының паспорты (түпнұсқа);

      3) шет елдің азаматтығын растайтын шет мемлекет паспортының немесе құжатының көшірмесі;

      4) басқа мемлекетке тұрақты тұруға кету туралы шешім немесе басқа мемлекетке тұрақты тұруға кетуге рұқсатты растайтын құжаттың көшірмесі.

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
17 февраля 2020

Құрметті азаматтар!

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы шет елдердегі мекемелер арқылы азаматтықтан шығу туралы өтінішіне қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Сауалнама-өтініш;
  2. Өмiрбаян (өз қолымен жазылған);
  3. 4 дана - 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет;
  4. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат (ҚР азаматының паспортында ТТЖ-ға шығу туралы мөртабан/ҚР-дан мекенжайға кету парағы);
  5. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  6. 6. Балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);
  7. Шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;
  8. 8. Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері;
  9. Консулдық алымның төленгенi туралы құжат-150 АҚШ доллары;

 

      18 жасқа толмаған, сондай-ақ қабілеті жоқ деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер олардың нотариалды куәландырылған заңды өкілдерінің өтініштері бойынша, басқа мемлекеттерде –баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге, шет елдердегі мекемелер куәландырған өтініш бойынша қаралады.

      14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың азаматтығын өзгерту мәселесі жөніндегі өтінішті ұсынған жағдайда, оның нотариалды куәландырылған, басқа мемлекеттерде – шет елдегі мекеме куәландырған жазбаша түрде білдірген келісімі қажет.

 

Сауалнама-өтініште көрсетілген деректерді салыстыру үшін жақын туысының (ата-анасы (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), әжелері мен аталары) жеке басын куәландыратын құжатты / олардың қайтыс болғаны туралы куәлікті/азаматты қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімін (әрқайсысына көшірмесі) ұсыну қажет.

Төлем банкте төлем жолдамасы бойынша, құжаттардың толық пакеті ұсынылғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Социальные сети
Instagram
Twitter
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері