Меню

Страницы

Статья

Заңдастыру мен Апостиль

"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" (Қазақстан 1961 жылғы 5 қазандағы заңдастырудың күшін жою туралы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылады) мемлекеттік қызметін алу үшін әрбір сұралатын құжат үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, Елшіліктің консулдық бөліміне жеке жүгінуіңіз керек:

"Апостиль" мөртабанын қою (кейде бұл рәсімді «жеңілдетілген заңдастыру» немесе «апостильдеу» деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде - "апостиль" мөртабанын қою қолданылады.

Бір жағынан апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген деп аталады.

Егер Сіз құжат дайындап баратын ел Гаага конвенциясына қатысушы мемлекет болып табылмаса, құжатты консулдықта заңдастыру қажет. Бұл құжатты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің органдарында, содан кейін сол елдің Қазақстан Республикасындағы консулдығында куәландыруды қамтитын неғұрлым күрделі рәсім. Бұл ретте, құжат консулдықтың белгісі тұрған елдің аумағында ғана заңды күшке ие болады.

Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға қатысты: шарттар, инвойстар, коносаменттер, түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты өзге құжаттар, олар үшін жекелеген рәсім бар – құжат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында (жуырда Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының құрамына кірді), бұдан кейін баратын елдің консулдығында заңдастырылады.

1961 жылғы Гаага конвенциясына сәйкес қабырғалары апостиль 9 см кем емес шаршы нысанына ие және Конвенцияға қоса берілген үлгіге сәйкес келуі тиіс.

Австралия

 Австрия

 Әзірбайжан

 Албания

 Андорра

 Антигуа и Барбуда

 Аргентина

 Армения

 Аруба (Нид.)

 Багам аралдары

 Барбадос

 Бахрейн

 Белиз

 Белорусь

 Бельгия

 Бермуд аралдары   (Брит.)

 Болгария

 Босния и Герцеговина

 Ботсвана

 Британдық   Антарктикалық аумақ   (Брит.)

 Британдық Виргин   аралдары (Брит.)

 Бруней Дарусалам

 Бурунди

 Вануату

 Ұлыбритания және   өзіне бағынатын аумақ

 Венгрия

 Венисуэла

 Виргин аралдары   (АҚШ)

 Шығыс Самоа (АҚШ)

 Гваделупа (Фр.)

 Гвиана (Фр.)

 Германия

 Гернси (Брит.)

 Гибралтар (Брит.)

 Гондурас

 Гонконг (Қытайдың   Сянган ерекше әкімш.   ауд.)

 Гренада

 Греция

 Грузия

 Гуам (АҚШ)

 Дания

 Джерси (Брит.)

 Доминика

 Доминикан Республикасы

 Израиль

 Индия

 Ирландия

 Исландия

 Испания

 Италия

 Кабо-Верде

 Қазақстан Республикасы

 Кипр

 Қырғызстан

 Колумбия

 Корея Республикасы

 Косово

 Коста-Рика

 Латвия

 Лесото

 Либерия

 Литва

 Лихтенштейн

 Люксембург

 Маврикий

 Майотта

 Макао (Қытайдың   Аомынь ерекше әкімш.   ауд.)

 Македония

 Малави

 Мальта

 

 Маршаллов аралдары

 Мексика

 Молдова

 Монако

 Моңғолия

 Монтсеррат (Брит.)

 Морокко

 Мэн аралы (Брит.)

 Намибия

 Нидерландық Антиль   аралдары (Нид.)

 Нидерланды

 Никарагуа

 Ниуэ

 Жаңа Зеландия

 Жаңа Каледония (Фр.)

 Норвегия

 Оман

 Кук аралдары

 Панама

 Парагвай

 Перу

 Польша

 Португалия

 Пуэрто-Рико

 Реюньон (Фр.)

 Ресей Федерациясы

 Румыния

 Сальвадор

 Самоа

 Сан-Марино

 Сан-Томе және   Принсипи

 Свазиленд

 Әул.Елена аралы   (Брит.)

 Солтүстік Мариан   аралдары (АҚШ)

 Сейшель аралдары

 

 Сен-Пьер и   Микелон (Фр.)

 Сент-Винсент   және Гренадин

 Сент-Китс және   Невис

 Сент-Люсия

 Сербия

 Сингапур Республикасы

 Словакия

 Словения

 АҚШ

 Суринам

 Тәжікстан

 Тонго

 Тринидад и   Тобаго

 Түркия

 Тюркс және   Кайкос (Брит.)

 Өзбекстан

 Украина

 Уоллис және   Футуна (Фр.)

 Уругвай

 Фиджи

 Финляндия

 Фолкленд   (Мальвин)   аралдары (Брит.)

 Франция

 Француз   Полинезиясы   (Фр.)

 Хорватия

 Черногория

 Чехия

 Швейцария

 Швеция

 Эквадор

 Эстония

 Оңтүстік Африка

 Жапония

 Ямайка

1) бекітілген нысан бойынша апостиль қоюға арналған өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) апостиль қойылатын құжат (түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме);

4) 30 фунт стерлинг көлеміндегі консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасы (құжаттарды тапсыратын күні банк карта арқылы төлеу);

5) көрсетілетін қызметті алушының өкілінен сұрау түскен жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

"Құжаттарды заңдастыру" мемлекеттік қызметін алу үшін әрбір сұралатын құжат үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, Елшіліктің консулдық бөліміне жеке жүгіну керек:

жеке тұлға үшін:

  1. Еркін нысандағы  өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Заңдастырылатын құжат;
  4. дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасы (құжаттарды тапсыратын күні банк карта арқылы төлеу).

заңды тұлға үшін:

  1. Еркін нысандағы өтініш;
  2. Уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Заңдастырылатын құжат;
  4. Құрылтай құжаттарының көшірмелері;

Өкілеттілікті растайтын құжаттың көшірмесі.

Қазақстан Республикасына апостиль қоюға жіберілген құжаттарды өңдеу уақыты - 3 немесе одан да көп айды құрайды;

Құжаттарды заңдастыру: жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап - 3 жұмыс күні, ал егер қосымша зерттеу немесе тексеру қажет болса, мерзімді 30 күнтізбелік күннен асырмай ұзартуға болады, ал қызмет алушыға мерзімдердің ұзартылғандығы туралы хабарлама жіберіледі.

Құжаттарға апостиль қою - £30 фунт стерлинг;

Құжаттарды заңдастыру - £30 фунт стерлинг.

  • төлем тек банк картасымен жасалады;
  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.

Сұрауларды электрондық поштаға жіберуге consul@kazembassy.org.uk немесе телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз: +44 (0) 207 925 7532

 

Дата публикации
13 марта 2020
Дата обновления
15 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы
Ақпарат
26 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
26 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы