Меню

Страницы

Статья

Туу туралы куәлік

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құжаттар тек жеке қабылданады және беріледі (құжаттар пошта арқылы қабылданбайды)!

Баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал өлі бала туылған жағдайда туған сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірмей келесі құжаттар ұсынылады:

  1. нысан бойынша тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  2. ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
  3. ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
  4. апостиль қойылған туу туралы медициналық куәлік "Birth Certificate" (Ұлыбританияда https://www.gov.uk/get-document-legalised);
  5. ата-аналар немесе мүдделі тұлғалар өтініш беру мүмкін болмаған жағдайда өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
  6. егер баланың ата-анасының бірі шетел азаматы болып табылған жағдайда, шетелдік ата-ананың туу туралы куәлік беруге нотариалды куәландырылған келісімін және шетелдік паспорттың нотариалды куәландырылған аудармасын ұсыну қажет.
  • Өтініштер баланың ата-анасының біреуінің жеке қатысуымен ғана қабылданады.
  • Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда, ата-анасының еркін нысандағы жазбаша түсініктемесі қосымша ұсынылу керек.
  • Шет тілінде берілетін барлық құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылуы тиіс.

5 жұмыс күні

£20 фунт стерлинг

  • төлем тек банк картасымен жасалады;
  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Сұрауларды электрондық поштаға жіберуге consuluk@mfa.kz немесе телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз: +44 (0) 207 925 7532

 

 

Дата публикации
13 марта 2020
Дата обновления
04 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы
Ақпарат
26 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
26 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері