ҚР студенттерінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Жарияланған күні: 07 сәуір 2022
Жаңарту күні: 07 сәуір 2022
Көру саны:553
Нұсқаулық
Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер тұрақты сақтандыру мәртебесін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қалай ала алады?
1-қадам. Электрондық үкіметтің egov.kz сайтына өтіп, жүйеге тіркеліңіз;
2-қадам. «Қызметтер» бөлімінен «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тармағын таңдаңыз;
3-қадам. Өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе SMS құпия сөзімен қол қойыңыз;
4-қадам. Өтінім өңдегеннен кейін жеке кабинетіңізге хабарлама жіберіледі.
* тиісті орган деректерді тексеріп, студент мәртебесін жаңартқаннан кейін Сіз сессия аяқталғанға дейін сақтандырыласыз. Әр сессиядан кейін студент қайтадан egov.kz электрондық үкімет порталында тіркелуі керек.
Жарияланған күні
07 сәуір 2022
Жаңарту күні
07 сәуір 2022