
Шетелдіктерге арналған «QazETA» цифрлық платформасы
QazETA - шетелдіктердің «бір терезе» қағидаты бойынша негізгі көші-қон және ілеспе қызметтерге ыңғайлы, ашық және қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құрылған мемлекеттік цифрлық
платформа.
Жоба шетелдіктердің Қазақстанның мемлекеттік органдарымен заманауи және жайлы өзара іс-қимылын қалыптастыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.
QazETA платформасы мыналарға бағытталған:
- шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу, болу рәсімдерін оңайлату;
- елге кіруден бастап күнделікті қызметтерге дейін шетелдіктің мемлекеттік сервистермен дәйекті өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық кіру нүктесін құру;
- процестердің ашықтығын арттыру, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту;
- базалық көші-қон рәсімдерін цифрлық және мобильді форматқа көшіру;
Қазіргі уақытта QazETA пилоттық режимде жұмыс істейді, оны енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда келесі қызметтер қол жетімді:
- электрондық визалар беру (e-Visa);
- электрондық кіруге рұқсат (Electronic Travel Authorization,ETA) ресімдеу;
- Қазақстан Республикасының электрондық резиденті (e-Residency) мәртебесін алу;
- шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы анықтама алуы (оның ішінде мобильді құрылғылардың IMEI верификациялау мақсаттары үшін).
Платформаның негізгі қызметтері:
1. Электрондық виза (e-Visa)
Электрондық виза - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза беру бойынша мемлекеттік қызметтің цифрлық нысаны.
104 елдің азаматтары (тізім қоса беріледі) мынадай санаттар үшін бір реттік электрондық визаны ресімдей алады: «А3» (қызметтік), «А5» (инвесторлық), «В1», «В2», «В3» (іскерлік), «В9-1» (Digital Nomad Visa), «В10» (жеке іссапар), «В12» (туристік сапар), «С12» (емделу үшін).
Электрондық виза электрондық ресімделген шақыру негізінде беріледі (шақыру ҚР ІІМ аумақтық полиция органдарында ресімделеді) және виза алушы үшін ғана қолданылады және ілесіп жүретін адамдарға қолданылмайды.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағына келіп, Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларының өткізу пункттері арқылы ғана жарамды электрондық визаны пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының
аумағынан шыға алады.
2. Электрондық кіруге рұқсат (ETA)
ETA Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босатылған елдердің азаматтарына арналған. Рұқсат электронды түрде ресімделеді.
Қазақстанға сапар шегуді жоспарлап отырған шетелдіктер сапарға дейін 72 сағаттан кешіктірмей мобильді қосымша арқылы ETA алуға өтінім береді.
ETA мерзімі - 180 күн.
Шетелдіктердің Қазақстанда болуының нақты мерзімі қолданыстағы көші-қон заңнамасына сәйкес реттеледі.
Бұл ретте,берілген ETA рұқсаты ҚР аумағына кіруге кепілдік бермейді. Елге жіберу туралы түпкілікті шешімді шекаралық бақылаудан өту кезінде ҚР уәкілетті мемлекеттік органы қабылдайды.
ETA алу қажеттілігінен мыналар босатылады:
- дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері;
- ресми делегациялардың мүшелері;
- ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері.
Пилоттық кезеңде Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босатылған елдердің азаматтары үшін ETA алу ұсынымдық сипатта болады. Ол аяқталғаннан кейін азаматтардың
аталған санаттары үшін міндетті ETA алуды кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.
3. Электрондық резиденттік (e-Residency).
E-Residency ҚР-дан тыс жерлердегі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға цифрлық мемлекеттік және коммерциялық сервистерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін инновациялық құрал «Астана халықаралық қаржы орталығының» (АХҚО) юрисдикциясы шеңберінде. Электрондық резиденттік АХҚО юрисдикциясы шеңберінде іске асырылады және мыналарды көздейді:
- жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қашықтан алу;
- банктік шоттар мен төлем карталарын ашу;
- e-sim рәсімдеу;
- компанияларды қашықтықтан тіркеу және бизнес жүргізу.
4. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы анықтама алуы (оның ішінде мобильді құрылғылардың IMEI верификациялау мақсаттары үшін).
Бұдан әрі медициналық сақтандыруды ресімдеуді, ETA иелері үшін шекаралық бақылаудан жедел өту мүмкіндігін, сервистік алымды төлеуді,басқада цифрлық сервистерді қоса алғанда,
функционалдылықты кеңейту жоспарлануда.
QazETA мобильді қосымшасын PlayMarket және Appstore арқылы жүктеуге болады.
Жоба аясында техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Өтініштер мен ұсыныстар электрондық пошта арқылы қабылданады
support@qazeta.kz.
«QazETA» цифрлық платформасы қосымшасын жүктеу нұсқаулығы
E-residency мобильдік қосымшасын жүктеу нұсқаулығы
Азаматтарына бір реттік электрондық виза (e-Visa) ресімделетін елдердің тізімі: