Eкіжақты қарым-қатынастар

САЯСИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Аса жоғары деңгейдегі байланыстар:
Президент Қ.Тоқаев ФР Президенті С.Ниинистемен 2019 жылғы 25 қыркүйекте және 2023 жылғы 19 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ БА отырыстары шеңберінде кездесіп, ФР Президенті А.Стуббпен 2024 жылғы 12 қарашада БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі COP 29 конференциясы аясында кездесулер, сондай-ақ 2024 жылғы 21 мамыр мен 4 желтоқсанда телефон арқылы әңгімелесулер өткізді.
ФР Президенті М.Койвисто 1992 жылғы 29 қыркүйекте ҚР-ға ресми сапармен барды. ФР Президенті Т.Халонен 2010 жылғы 1 желтоқсанда ҚР-ға барды. ФР Президенті С.Ниинисте 2013 жылғы 16-18 сәуірде ҚР-ға келіп, 2015 жылғы 9-10 маусымда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезіне қатысты және 2017 жылғы 19-20 маусымда ЭКСПО-2017-ге барды.
Президент Н.Назарбаев 1992, 2009 және 2018 жылдары Финляндияға барып, халықаралық іс-шаралар аясында фин басшыларымен кездесті.
Жоғары деңгейдегі байланыстар (2020-2024):
2020 жылдың 24 ақпанында Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Женевада ФР Сыртқы істер министрі П.Хаавистомен кездесті.
2021 жылғы 13-14 мамырда ФР Сыртқы сауда және халықаралық дамуға жәрдемдесу министрі В.Скиннари ҚР-ға сапармен келіп, оның барысында Президент Қ.Тоқаевтың қабылдауында болды.
2022 жылғы 14 ақпанда фин тарапының бастамасымен Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді ФР Сыртқы істер министрі П.Хаавистомен телефон арқылы сөйлесті.
2022 жылғы 10-12 қазанда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешев бастаған қазақстандық делегацияның Финляндияға сапары өтті.
2023 жылғы 23-25 ақпанда Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуға жәрдемдесу министрі В.Скиннари ҚР-ға сапарымен барды.
2023 жылғы 30 қарашада ЕҚЫҰ СІМК алаңында Скопьеде Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Финляндияның Сыртқы істер министрі Э.Валтоненмен кездесті.
2023 жылғы 13 желтоқсанда Хельсинкиде сімаралық саяси консультациялар өтті.
2024 жылғы 11 сәуірде Сыртқы сауда және даму министрі В.Тавио Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-фин Үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысына қатысу үшін ҚР-ға сапармен келді.
ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Финляндияға сапарлар:
- Мәжіліс төрағасы У.Мұхамеджанова (1-2 маусым 2010 ж.);
- Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин (19-21 қазан 2016 ж.);
- Сенат төрағасының орынбасары А.Шәкіров (23 қыркүйек 2022 ж.).
Қазақстанға сапарлар:
- ФР Парламент спикері Э.Хейналуома (3-6 наурыз 2014 ж.);
- ФР Парламентінің Бірінші Вице-спикері М.Пеккаринен (2016 жылғы желтоқсан және 2017 жылғы 21-23 маусым);
- ФР Парламентіндегі ОА-мен парламентаралық достық тобының төрағасы В.Скиннари (15-16 қаңтар 2018 ж.);
- ФР Парламентінің депутаты, ЕҚЫҰ ПА төрағасының орынбасары, ЕҚЫҰ ПА-ның ОА бойынша арнайы өкілі П.Каума (26 сәуір 2022 ж.);
- ФР депутаты К.Кильюнен төрағалық еткен ФР Парламентінің ОА-мен парламентаралық достық тобының делегациясы (25-29 қараша 2022ж.).
Қазақстан мен Финляндия Парламенттерінде екі елдің парламентаралық "достық топтары" жұмыс істейді.
КӨПЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Қазақстан мен Финляндия халықаралық ұйымдар шеңберінде белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Екі мемлекет бір-бірінің бастамаларын, сондай-ақ халықаралық құрылымдардағы кандидатураларды өзара қолдаудың қалыптасқан тәжірибесін ұстанады.