Армения Республикасына келу және болу тәртібі

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін паспорттардың БАРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ бойынша Армения Республикасына барған кезде ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ қолданылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік шекарадан өткен күннен бастап Армения Республикасының аумағында 90 (тоқсан) күнге дейін бола алады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасына кіруіне келесі құжаттардың бірін көрсеткен кезде рұқсат етіледі:

  1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық паспорты;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты;
  4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
  5. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі (кеме рөлі немесе одан үзінді көшірме болған кезде);
  6. Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (тек Қазақстан Республикасына қайтып оралу үшін).

Азаматтың жол жүру құжаты Армения Республикасында болу мерзімі ішінде жарамды болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының азаматтары Армения Республикасының аумағында күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық болған жағдайда, егер бұл қабылдаушы тараптың заңнамасында көзделген болса, аталған азамат осы мемлекеттің құзыретті органдарында тіркелуге (болатын жері бойынша есепке тұруға) міндетті.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000223 

Жарияланған күні

14 ақпан 2025

Жаңарту күні

23 қараша 2025

Жарияланымның авторы