Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы АҚПАРАТ

«Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін алу үшін Сізге алдын ала ҚР ГФР-дағы консулдык мекемесінің (консулдық округке сәйкес) қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

  1. Неке жасына жеткен адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

     1) некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш (нысанын "Құжаттарды жүктеу" бөлімінде жүктеп алуға болады);

2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін);

3) Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, құжат мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;

4) некеге тұрушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) некеге құқықтық қабілеттілігі туралы анықтамалар (АХАЖ АЖ да өтініш берушілер туралы мәліметтер болған кезде талап етілмейді);

5) бұрынғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжат (бар болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгені туралы белгісі бар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік не некені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі, ерлі-зайыптылардың бірін қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану (салыстыру үшін);

    6) төлем түбіртегінің түпнұсқасы (Quittungsbeleg), сондай-ақ 30,00 EУРО-ны консулдық мекеменің есеп шотына аударған төлем туралы растаудың түпнұсқасы мен көшірмесі (Kontoauszug) (консулдық округке сәйкес).

ҚР ГФР-дағы консулдық мекемелердің банк деректемелері біздің сайттың «Консулдық қызметтер төлемі» бөлімінде орналастырылған: ttps://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/activities/5458?lang=kk&parentId=5453 (консулдық округке сәйкес).

Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, басқа да ерекше жағдайларды растайтын қосымша құжаттар ұсынылады.

  1. Егер некеге (ерлі-зайыптылыққа) жасы толмаған адамдар тұрса, қосымша:

1) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ата-аналар не қорғаншылар (қамқоршылар) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туындататын себептерді көрсете отырып және осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген қажетті құжаттармен қоса береді;

2) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/некені бұзу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар);

3) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі);

4) кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/ некені бұзу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары) (салыстыру үшін).

  1. Порталға (Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы некені алғашқы тіркеу кезінде):

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған некеге отыру (ерлі-зайыпты болуы) туралы электрондық өтініш;

2) консулдық алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш
Дата публикации
24 января 2023