Меню
Страницы
Елшілік туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Консулдық мәселелер
Байланыс ақпарат
Все материалы
Сайлау 2021
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы №2 ақпараттық хабарлама
22 декабря 2020

Құрметті сайлаушылар!

 

2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.

ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді:

  1. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 адам.

сайт - https://auyl.kz/

Сайлауалды бағдарлама - https://auyl.kz/program

Кандидаттар тізімі - https://auyl.kz/news/11vruchenieudostoverenii/

  1. «NurOtan» партиясы - 126 адам.

сайт - https://nurotan.kz/?lang=kz

Сайлауалды бағдарлама - https://nurotan.kz/election-toqaev?lang=ru

Кандидаттар тізімі - https://www.zakon.kz/5048860-opublikovan-polnyy-spisok...

  1. «ADAL» Саяси партиясы - 16 адам.

сайт - https://adalpartiyasy.kz/

Сайлауалды бағдарлама - https://adalpartiyasy.kz/program

Кандидаттар тізімі - https://www.inform.kz/.../partiya-adal-opredelila-spisok...

  1. «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы - 38 адам.

сайт - https://akzhol.kz/ru/

Сайлауалды бағдарлама - https://akzhol.kz/.../vystwplenie-a-perwasheva-po.../

Кандидаттар тізімі - https://akzhol.kz/ru/migrated_3120/

  1. «Қазақстан Халық партиясы» - 113 адам.

сайт - https://qhp.kz/

Сайлауалды бағдарлама - https://qhp.kz/Docs/PredvibProgram.pdf

Кандидаттар тізімі - https://www.inform.kz/.../opredelen-spisok-kandidatov-v...

 Атап өтерлігі, сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеру үшін Елшіліктің телефоны:

- +994-50-875-88-08;

- +994-51-255-78-64;

- +994-50-988-08-46.

бойынша және baku@mfa.kz электрондық пошта арқылы біле аласыз.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау 10 қаңтар 2021 жылы Баку қ., Наджифоглу Рафиева көш, 14 үй мекенжайында, No 262 сайлау учаскесінде, жергілікті уақыт бойынша 8.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

Сайлау 2021
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы №1 ақпараттық хабарлама
15 декабря 2020

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 262 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.

Елшіліктің мекен-жайы: Баку қ., Наджифоглу Рафиева көш, 14 үй.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 262 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

 

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Әзербайжан Республикасы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді:

- аты-жөні;

- туған күні;

- жеке сәйкестендіру нөмірі;

- тұратын мекенжайы;

- байланыс деректері 

baku@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен жіберу алдын ала қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

- +994-50-875-88-08;

- +994-51-255-78-64;

- +994-50-988-08-46.

 

Сайлау учаскесіне келген кезде қолданыстағы карантиндік жағдайлар мен коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимылға байланысты медициналық-профилактикалық ережелерді сақтауды сұраймыз.

Абай 175
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы
17 ноября 2020

Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей, ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жаңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді. Жаратушы өз мейірі түскен ерекше жанның бойына нұрлы сипат дарытып, замананың сан алуан факторлары оның қайталанбас дара болмысын сомдайды.

 Абай Құнанбайұлы тұлғасы да – сондай аралық кезеңнің жемісі. Ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір. Ол өмір сүрген тұста қазақ қоғамы бұрынғы хандық басқару жүйесінен біржолата қол үзіп, «өз қолынан өз ырқы кеткен» алды бұлыңғыр уақытқа тап болды; көшпенділік салттары дағдарысқа ұшырап, отырықшылық өркениет белгілері ентелеп ене бастады; баһадүр аламандықтың беті қайтып, заманауи білімге бет бұратын кез туып келе жатты.

Ұлы ақын, дана ойшыл Абай ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы Ағартушылық немесе Ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналды. Үлкен білімпаз Құдайберген Жұбанов Еуропа руханиятымен салыстыра айтқандай, Абай – «өз ортасының Данте сияқты адамы», яғни халықтың дәстүрлі сөз өнерін, таным жүйесін, мінез бітімін түбірімен жаңаша түлеткен санаткер. Орыстар үшін – Александр Пушкин, ағылшындар үшін – Уильям Шекспир, немістер үшін – Иоганн Гете, америкалықтар үшін – Уолт Уитмен қандай болса, қазақстандықтар үшін Абай да – сондай рухани ұлы тұлға.

Мызғымастай көрінген Кеңес империясы құлап, тәуелсіз жас мемлекеттің негізін қалау миссиясы маған бұйырғанда, тарихтың «соқтықпалы, соқпақсыз» күрт айнымалы сәтінде хәкім Абайдың өсиетіне жүгініп, елімнің болашағына жаңаша көзқараспен қарағаным хақ.

Байқауымша, ұлылықты ұғыну – бір бөлек те, онымен табысу және тоғысу, яғни түпсіз тереңіне бойлап, жеке болмысыңа жарату – өз алдына қырық қатпар құбылыс.

Осыған орай «Менің  Абайды тануым әуелде неден басталды?» деген сауалға ден қойғанда, әлбетте, ұлы ақынның сөздері бесік тербеген әлдимен бірге құлаққа сіңді десем, асыра айтқандық бола қоймас. Рас, өлең сөзге жүйрік, ел әдебиетіне қанық әжем Мырзабала мен анам Әлжан кішкентай күнімде тіні үзілмеген дәстүрлі тәрбие аясында халқымыздың ертегі, аңыз, қиссаларын жадыма барынша сіңірді. Бұл Абай әлеміне апаратын жолдың бастауы болатын.

Ал келешегіме бәйек боп жүрген қайран шешем мені тоғызыншы сынып бітірген соң Қаскелеңге өз қолымен жетектеп апарып, Абай атындағы қазақ орта мектебінің табалдырығынан аттатқанда, алдымнан мүлде басқа әлемнің есігі ашылды. Ұлы ақынның есімін иеленген оқу ордасының шәкірті болудың өзі –  бір жағынан мақтаныш, екінші жағынан жауапкершілік екенін ұқтым. Әрине, біз Абайдың мектеп жасына лайықталған оқу, ғылым, адамгершілік, табиғат тақырыбындағы хрестоматиялық өлеңдерін жұрт қатарлы жатқа айтатынбыз. Әсіресе, өзім ақынның философиялық астарға толы «Ескендір» поэмасын қайта-қайта құмарта оқығаным есімде. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғаббас Бейсенбетовке түсінбеген жерлеріме қатысты тосын сұрақтар қойып, соңынан қалмайтынмын. Бұл ынтызарлық менің көне грек әлеміне, оның билік пен даналық жүйесіне балалық қиялмен сапар шегіп, ойымның өрісі кеңеюіне едәуір септігін тигізді.

Дана Абайдың «талапты ерге нұр жауар» деген қағидасын басшылыққа алып, 1958 жылы мектепті бітірген бойда тәуекелге бел байлап, Арқа төсіне аттандым. Ар жағы – Украинаның Днепродзержинск қаласы... Бұл менің тағдырымдағы бетбұрысты сәттердің бірі болғаны анық. «Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел» демеп пе еді жарықтық Абай даладағы қой соңында жүрген қазақ баласына. Ондағысы «алыс-жақын демей, баратын жеріңе барып, маңдай тер, табан ақың арқылы кәсіп үйрен, нәпақаңды жи» дегені ғой. Біз қаршадайымыздан еңбекқор болып өстік. Қатарластар бәріміз әке-шешелерімізге қолғабыс етіп, бірге еңбекке араласып, шөп шауып, мал жайлап, отын жарып, жеміс өсіріп, бақша салып, жылдың төрт мезгілінде үзілмей кезектесе келіп отыратын шаруаны атқарысып, қара жұмысқа әбден төселдік. Кейін туған жерден шалғайдағы Теміртауда, «Карметкомбинаттағы» от-жалында балқыған болаттың ортасында құрыштай шыңдалдық.

Кейде біздің буын өмір бойына ұлы Абай мектебінен, яғни ғұламаның мұхиттай шалқар ой қазынасынан толассыз білім алып келе жатқандай көрінеді.

...Тарих талқысы қызық. Абайға дейінгі заманға зер салсақ, ат жалын тартып мінген қилы замандарда өмір сүрген жыраулардың арқа сүйеген, сөз арнаған елтұтқасы болыпты. Әріде Тоныкөктің – кемеңгер Білге қағаны, беріде құтты қоныс іздеген Асан Қайғының  – Жәнібек ханы, мұнан соң көмекей әулие Бұқардың – Абылай ханы, тіпті одан да кейініректе Нысанбай жыраудың Кенесарысы үлгісінде ел басшысы мен данагөй сөз иесі арасындағы қарым-қатынас ұлт тарихында Ұлы даланың әсем жарастығының айғағындай із қалдырыпты.

Ал Абайдың маңдай тіреп, ой бөлісетін, назын айтатын алдияр ханы болған жоқ. Өйткені өктемдігін орнатқан империя реформаларының нәтижесінде Шыңғыс тұқымы екі тізгін, бір шылбырдан толығымен айырылды. Ал тіпті ақыр соңында қазақ үшін биліктің ең зоры, әрі кетсе, болыстық, ауылнайлық немесе ресми кеңседегі тілмаштық қана болып қалды. Cондықтан жаны күйзелген дана Абай салмақты сөзінің бір бөлігін «қалың ел, қайран жұрты – қазағына» бағыштаса, қалған уақытта «моласындай бақсының, жалғыз қалдым – тап шыным» деген сарында өзімен өзі мұңдасты. Ата-тегінде ел басқару үрдісі бар, әкесі Құнанбайдың аға сұлтандығын былай қойғанда, өзі де бірнеше рет болыстық қызмет атқарған Абай билік жүйесінің мән-мазмұнын «Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел», «Единица болмаса, Не болады өңкей нөл» деген концептуалдық пайымға сыйғызды.

Дауылпаз жыраулардың соңғы тұяғы, «Халық – менің шын атым» деп тұтас ғасырдың жүгін арқалаған Жамбыл Жабаев «Абайдың суретіне» атты өлеңінде өзінен бір жас үлкен рухтас ағасының ішкі дүниесіне бойлай отырып:

Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле көп қарасаң, көңіл ұғар.

Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей,

Есіл сабаз ызамен өткен шығар!..

 – деп Абай трагедиясының шет-пұшпағынан хабардар етеді.

Мәселе сол әр қазақтың Абайдың «тереңіне сүйсініп үңіле білуінде» жатқан жоқ па?!

Абай заманында толық бодандыққа душар болған қазақ жері бұтарланған, бөлшектелген. Қармайтын тал қалмай, ел тұңғиыққа сүңгіген. Кезінде төрткүл дүние тарабын тоғыстырып, алаш жұртының айбынын асырған, мәңгілік ұйтқысына айналған кіндік шаһар – Түркістан өз мәртебесін жоғалтқанына біраз уақыт өткен. Шын мәнінде, Абайдың иек артып, тәу етіп баратын астанасы да жоқ еді. Елдікті аңсаған, бірлікті көксеген данышпан үшін мұнан артық қасірет табылмас. Бүгінгі күні әлемді аузына қаратқан салтанатты елордасы бар егемен мемлекетте өмір сүріп жатқан оның жасампаз ұрпағы мұндай ұлттық шексіз құндылықтың қадірін біліп, маңызын түсінуге тиіс. Абайдың осы арманының орындалғанына, Есілдің жағасында еңселі байтақ қаланың ірге теуіп, бой көтеруіне мұрындық болғаныма мың да бір шүкіршілік етемін.

Тәуелсіздікті жарияламас бұрын елімізде жаһандық деңгейдегі аса маңызды шешім қабылданды. Ол – Семей ядролық сынақ  полигонын жабу туралы жарлық.

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт дел-сал ғып,

Түн басады салбырап.

 Шаң шығармас жол дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен дағы,

Сабыр қылсаң азырақ, – деген жолдар арқылы Абайдың Гетемен және Лермонтовпен сөз жарыстыра отырып бейнелеген туған топырағын 40 жыл бойы сұрапыл жарылыстар арқылы астан-кестең етіп, жаппай зобалаңға ұшыратқан тажалдың үні солай өшті. Сонда халқының бейбіт тұрмысын, жеке елдік қалпын ұлықтаған дананың рухы қайта байыздаған шығар деймін.

Жаңа мемлекеттіліктің негізін қалау барысында көкейімде «Өз елімді ұшпаққа қалай шығарамын? Әлемнің ең алдыңғы қатарлы жұрттарының қатарына қалай қосамын?» деген сауалдар менің ойымды онға бөліп, санамды сан саққа жүгіртіп келеді.

 «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...». Бұл – Абайдың мәңгі жасайтын қағидасы. Мұның ғажайып үлгісін мен қаршадайымнан көзбен көріп өстім. Шамалған ауылында зұлмат заманның тауқыметін тартып, сонау жер түбінен еріксіз қоныс аударып келген түрлі ұлт өкілдері жапсарласа күн кешіп, қоян-қолтық араласа өмір сүрді. Олардың арасында месхет түріктері, шешендер, ингуштар, украиндар, немістер, қарашайлар бар еді. Біз өзіміз құралпы басқа жұрт балаларын еш жатсынбай, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай сезініп, құлын-тайдай тебісе жүріп жетілдік. Ал әкем Әбіш болса, түріне қарасаң – таулық, тіліне қарасаң – қазақшадан айырмасы шамалы бір малқар (ол кезде балқар деуші еді) отбасын үйімізге әкеп паналатып, жұмысқа орналастырды. Ішкен асымыз, жасаған тірлігіміз, көрген қызығымыз, шеккен қиындығымыз ортақ болғандықтан, тез арада туысып кеттік. Осындай ортада өскендіктен, адамзат баласын алаламайтын мінез бойыма ерте дарыды-ау деймін.

 Әлем тарихына үңілсең, ру мен ру, тайпа мен тайпа, одан әрі ұлт пен ұлт, содан соң мемлекет пен мемлекет арасындағы ірілі-ұсақты кикілжіңнің көбінің ар жағында Адам Ата мен Хауа Анадан тараған жұмыр басты, екі аяқты пенделердің бірін-бірі тегіне, түріне, тіліне, яғни нәсіліне қарап жатырқауы жасырынып жататын кездер жиі ұшырасады. Дініне қарай бөліну індеті де сұмдық зардаптарға ұрындырған. Абай айтқан осындай «алты бақан алауыздықтың» салдарынан талай жұрт өзара қырқыса жүріп, жер бетінен біржола жойылып кеткені мәлім. Кеңес Одағы ыдырауының барысында және тәуелсіздігіміздің елең-алаңында өз ішімізде неше түрлі іріткі салғыш, ірге бөлгіш пиғылдар оянып, сын сағаты туған кезде ел тізгінін ұстай отырып, тарихи тұрғыдан қалыптасқан көпэтностылық пен көпконфессиялық жағдайын бірінші кезекте ескеру қажеттігін аңғардым. Бір жағынан сепаратистік әрекеттер бой көтергені байқалса, екінші жағынан ұлтшылдық дабыл қаққан аласапыран кезеңдерді бастан өткеруге тура келді. Сондай күрделі ахуалда түсіністіктен татулыққа, ымырадан ынтымаққа қол жеткізу арқылы ғана тұтастығымызды сақтадық. «Алтау ала болса –  ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді»  дейді екен дана бабаларымыз. Қазір айтуға оңай, сол уақытта біз «қайтсек, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарамыз» деп арпалыса жүріп, елдігіміздің шаңырағын шайқалтпай ұстап қалдық. Тұрмыс тапшылығын да бір тайқазаннан ас ішкендей бірге еңсердік. Ол қазақтың кең қолтық, ақ жүрек мейірбандығының және Алтай мен Атырау арасын сол қазақпен араласа жайлаған өзге ұлттардың Абай өнеге етіп қалдырған бауырластығының арқасында жүзеге асты.  

Кезінде жер жүзінде теңдесі жоқ институт атанған Қазақстан халқы ассамблеясының менің бастамаммен дүниеге келіп, елдегі татулық пен тұрақтылықтың ұйтқысына айналуының өзі ел бірлігінсіз еш ұлы мақсаттың орындалмайтынын жете түсінгендіктен жүзеге асты деп пайымдаймын.

Ел бірлігі ұранын бағзы замандардан бері талай сұңғыла бабаларымыз қайта-қайта көтеріп отырған. Сонау ХVІІІ ғасырдың өзінде Бұқар жырау: ...Егер Абылай алдында бітпесең,

Атасын білмес алыспын.

Көшің кетер бір жаққа,

Малың кетер бір жаққа.

Көш соңынан жете алмай,

Есің шығар сол шақта, – деп бірлікке шақырса, Абай «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп, ХІХ ғасырда-ақ бірлік арқылы күллі адамзаттың көшіне ілесе білуге шақырды. Бұл – кемеңгер тұлғаның көрегендігінің белгісі еді.

Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы жолында мен әрбір сөйлеген сөзімде ел бірлігі, ұлт татулығы мәселесін ұдайы еске салып отыратыным сондықтан. Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында: «Біз де бүгін ұлтішілік татуластыққа да, ұлтаралық татуластыққа да, әлемдегі барлық ел, барлық халықтармен ынтымаққа да, мәдениеттер арасындағы сабақтастыққа да Абайша қарап, Абайша қастерлеуге ерекше мән береміз», – деген едім. Осы қағида – менің ешқашан айнымайтын өмірлік ұстанымымның  бірі.

 Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді өз еркіммен тоқтату туралы шешім қабылдамас бұрын болашақ ел басқарар азаматқа қажет қайраткерлік тәжірибе мен тағылым жайын ой тезіне, көңіл безбеніне тартып, асықпай, зер сала қарадым. Абайдың:

Бас басына би болған өңкей қиқым Мінеки,

 бұзған жоқ па елдің сиқын?

... Бірлік жоқ, береке жок, шын пейіл жоқ,

Сапырылды байлығың, баққан жылқың.

 Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың, – деген өкінішін қайталамау қажеттігі тағы алдымнан шықты.

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеген Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін есепке алмағанда, оның елдегі ішкі жағдайды саралап қана қоймай, шығыстың да, батыстың да тілдерін меңгергендігін, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғанын, әлемдік саясаттағы Қазақстанның орнын байыптай алатын дипломаттық қырын да ескердім. Сондай-ақ, өзім айрықша мән беріп келе жатқан ел бірлігі мәселесі мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым.

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын ХХІ ғасырға қарышты қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі саяси, экономикалық және мәдени жетістіктері аясында атап өту туралы шешім қабылдады. Бұл – менің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларымда қойылған мақсаттарды жүзеге асырудың заңды жалғасы және Абай мұрасын заман сұраныстарына сай қайта зерделеудің маңыздылығын білдіреді.

 Уақыт бір орында тұрмайды. Ұрпақ жаңарады, қоғам жетіледі, талап өзгереді. Есіме осыдан ширек ғасыр бұрынғы, тіпті одан сәл әріректегі кезең түсіп отыр. Себебі Абайдың ойы мен сөзін күллі әлемдік ауқымда мойындату мәселесін Кеңестер Одағы әлі тарамай тұрып, 1990 жылы халықаралық деңгейде көтерген едік. Бірақ ол кезде бізге құлақ аспады. Әрине, алдымыздан шыққан басты кедергі – Қазақстанның дербес мемлекет еместігі еді. Сондықтан асқақ тілегіміз егемендік алғаннан соң ғана қабыл болды. Абайды дүниенің даңқты тұлғаларының тізіміне енгізіп, 150 жылдық мерейтойын халықаралық дәрежеде атап өту жөніндегі ұсынысымды қолдаған ЮНЕСКО ұйымының сол уақыттағы бас директоры Федерико Майор мырза кейіннен мерекелік салтанатты шараларға да өзі арнайы келіп қатысты. Және бір айта кететін нәрсе, осы арада биік мәртебелі халықаралық ұйым тарапынан тұрақты тәртіпке айналған бір шарттылық бұзылды. Өйткені бұрын тек 200, 300, 500  секілді соңы бірнеше нөлмен аяқталатын сандарға сәйкес келетін мерейтойлар ғана тізімге ілінетін. Жас мемлекет үшін халықаралық ұйым тарапынан мұндай қолдау көрсетілуі  ұмытылмасы анық.

Абай мерейтойына әзірлік өте қиын-қыстау кезеңде қолға алынды. Экономикалық-әлеуметтік проблемалар шаш-етектен болып тұрғанына қарамастан, нар тәуекелге бардық. Арнаулы қаулы қабылдап, атқарылатын іс-шараларды тиесілі мемлекеттік құрылымдар мойнына жүйе-жүйесімен жүктедік. Мерейтойға әзірлік жөніндегі республикалық комиссия және штаб құрылып, оны қаржылық, материалдық-техникалық, инфрақұрылымдық, идеологиялық, дипломатиялық, ғылыми, мәдени тұрғыдан қамтамасыз етудің нақты шаралары бекітілді. Барлық жұмыстың барысын өз бақылауымда ұстадым. Жауапты тұлғалардың қатысуымен арнаулы мәжілістер ұйымдастырып, жағдайды жан-жақты пысықтап отырдым. Шабандық, салғырттық, немқұрайдылық, атүстілік белең алған тұстарда талапты күшейтіп, тіпті мерейтойдың маңызын тереңірек түсіндіру үшін дайындық барысындағы басқосудың бірін Семей қаласына барып өткіздім. Сондағы жиын үстінде: «Абай тойы – тек Алматы мен Семейге, Жазушылар одағына, басқа да шығармашылық ұйымдарға ғана керек шаруа емес. Бұл – бүкіл республиканың, күллі Қазақстан халқының мерекесі. Бұл, шын мәнінде, біздің тарихи және рухани жадымызға, керек десеңіз, осындай іс-шараны мемлекеттік деңгейде өткізе алатынымызға, ұйымшылдығымызға сын. Оның үстіне, Абай мерекесі даңғойлықты көтермейді, ұлы адамды еске алу құрметіне, турасын айтқанда, атаулы күндерді атап өтуде бізде үйреншікті әдетке айналып кеткен шектен тыс ас та төк той жасаудың қажеті жоқ. Парасаттылық, ақылға қонымдылық, ең бастысы, зиялылық пен ұстамдылық қажет. Мерейтой даңғазалықтан аулақ, жоғары мәдениеттілік аясында өтуге тиіс. Абайдың өзі бізді осыған үндеп кеткен және оның өсиетіне кереғарлық етуімізге болмайды», – деген екенмін.

Бұл сөздерді жайдан-жай айтпаған едім. Жасыратыны жоқ, тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде ұлт тарихындағы көп ақтаңдақтардың беті ашылып, «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген ұранмен көпшілік жұрт өзінің қағаберісте қалған бабаларын түгендеп жатты. Олардың ішінде ұлттық деңгейдегі батыр, билермен қоса, дәреже-дәрпі жергілікті жерлерге ғана танымал тұлғаларға да ас беріліп, құрмет көрсетілді. Тоталитарлық жүйе құрсауында құндылықтарына тыйым салынып, іштей булығып келген халықтың ақ түйенің қарны жарылғандай сезімі мен сеніміне тосқауыл қою әбестік саналар еді. Бірақ той тойлаудың да, ой ойлаудың да жөні бар. Алты алаштың абызы болып қана қоймай, адамзаттың асқарынан көрінген халқымыздың ең аяулы перзенті, дана ұстазы – Абай мерекесін бүкілхалықтық деңгейде лайықты өткізу мемлекет мерейі екенін ұғындыру керек болды.

 Сөйтіп, Абай тойының алдында оның аруағын одан әрі ұлықтау, өмірбаяндық деректерінің көмескі парақтарын қайта жаңғырту, әдеби, философиялық және музыкалық мұрасын тәуелсіздік тұрғысынан тыңнан пайымдау, әлемдік деңгейде кеңінен таныту бағытында іргелі жұмыстар атқарылды. Ұлы ақын шығармаларының алғаш рет жан-жақты текстологиялық сараптамадан өткен екі томдық академиялық жинағы, «Абай» энциклопедиясы жарық көрді. Абайдың өмірі мен шығармашылығын тұтас қамтитын «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі құрылды.

Жидебайда үш жүз алпыс әулиелі мекен Маңғыстаудан әкелінген ұлутастардан ақшаңқан күмбезді Абай-Шәкәрім кесенесі тұрғызылып, оның ашылу рәсімінде бұл орынның енді әр қазақ үшін рухани Меккеге айналғанын атап өттім.

 Алатаудың жан-жағы тіп-тік құлама құздармен қаусырылып, заңғар басына бұлт қонақтаған Абай шыңына көтеріліп, ақын рухына тағзым еттім. Ұлы ақынның өз халқымен бірге адамзаттың биігінен көрінгенін тіледім.

Сол жылы Абайға арналған салтанатты іс-шаралар Түркияда, Ресейде, Қытайда, Францияда, Венгрияда, Үндістанда, Мысырда, Украинада, Қырғызстанда болып өтті. Лондонда Абай үйі ашылды. Ұлы ақынның әлем елдері руханиятының табалдырығынан аттап, бұрын көз көрмеген көкжиектерге енді ешкім тосқауыл қоя алмайтын мәңгілік сапары басталып кетті.

Абайдың 150 жылдығы аталып өткеннен бергі уақыт ішінде дүние жүзінің бірқатар елінде оның құрметіне көше аттары беріліп, Ренн (Франция), Будапешт (Венгрия), Каир (Мысыр), Мәскеу (Ресей), Ыстамбұл (Түркия), Бейжің (Қытай), Ташкент (Өзбекстан), Тегеран (Иран), Баку (Әзербайжан), Витебск (Беларусь) қалаларының көрнекті орындарында ескерткіштер мен мүсіндер қойылды. Ретінше 2006, 2013 жылдары Мәскеу мен Ташкентте орнатылған Абай ескерткіштерінің лентасын Ресей Федерациясының президенті В.Путинмен және Өзбекстан Республикасының тұңғыш президенті И.Кәрімовпен бірге қидым.

 ХХ ғасырдың екінші онжылдығында, дәлірек айтқанда,  1913 жылы ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» дей келе, соған қарамастан Абайдың есімін тек Семей мен Ақмола облыстарының қазақтары ғана білетінін, ал дүниеден қайтқан соң жарық көрген жалғыз кітабы ел ішіне кеңінен таралмай жатқаны туралы қынжыла жазған еді. Қарап отырсақ, содан бергі бір ғасырдың көлемінде бірте-бірте ұлы ақынның даңқы жер жүзіне әйгілі болатындай деңгейге жетіппіз. Ол – алдымен, әлбетте, Абайдың теңдессіз кемеңгерлігінің, содан соң тәуелсіз мемлекеттігіміздің арқасы.

Абай қаншама тас қапас заманда өмір сүрсе де, болашаққа үмітпен көз тікті. Ол өлеңдерінде «жаңа өспірім, көк өрім», «тілеуі, өмірі алдындағы», «көкірегі сезімді, тілі орамды» жастарға үлгі бермек үшін ғибрат айтты. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» дей отырып, «дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген тағылымын үйретті. Батыс пен Шығыстың ілімін толық игерген Абайдың өнегесін ескере отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің жастары арасынан халықаралық стандарттарға сай, білімі мен білігі жоғары мамандар даярлау мақсатымен «Болашақ» президенттік стипендиясын тағайындадық. Соның арқасында ұлы ақын өмір сүрген заманда «интернатта оқып жүрген» қазақ баласының ұрпақтары ХХ және ХХІ ғасырлар тоғысында әлемнің ең таңдаулы университтерінде білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Ұлы Абайдың 175 жылдығы биыл адамзатқа қатер төндіріп, коронавирус індеті жайлаған уақытпен тұспа-тұс келіп қалды. Аталған дерттің зардабы жер жүзіндегі мемлекеттердің ешбірін айналып өткен жоқ. Бірақ жарқын келешекке деген сенім мен сындарлы әрекеттің арқасында бұл уақытша қиындықты да еңсеретін боламыз. Абайдың сөзіне жүгінсек: «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?».

 Лайым солай болсын!

Абайдың сөзі мен ойы біздің күнбе-күнгі тірлігімізге, өркенді өмірімізге кірпіш болып қаланып, бүгінгі өркениет пен алдағы болашақ талабына лайық ұмтылыстарымыздан және игі істерімізден нақты көрініс табатынына кәміл сенемін.

 

 

Абай 175
Қазақ тілін үйренуге арналған білім беру онлайн-платформасы әзірленді
13 ноября 2020

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін танымал ету мақсатында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық  ғылыми - практикалық орталығы жанынан «Абай институты» қазақ тілінде ашық білім беру онлайн-платформасын әзірлегені жөнінде хабарлаймыз.

Абай институты – Қазақстан Республикасының консулдықтары арқылы және бірлесіп орындауға мүдделі отандық және шетелдік мекемелер мен ұйымдарды бірлесіп барша әлемге қазақ тілін насихаттау, қазақ тілінің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға, шетелдердегі қазақ диаспоралары үшін қазақ тілін меңгеруді ілгерілетуге және тереңдетуге, Абайдың шығармашылығы мен идеяларын таныстыруға арналған                  іс-шараларды ұйымдастыруға арналған бағдарлама.

Абай институты бағдарламасы алдымен түркітектес елдерде, сосын славянтектес елдер мен алыс шетелдерде Қазақстан Республикасының консулдықтары бар елдерде  тек онлайн платформа арқылы іске асырылады.

Абай институты аясында қазақ тілін оқыту алаңы https://abai.institute порталы арқылы іске асады. Порталда шетелдердегі диаспора үшін қазақ тілін үйрету мазмұны қалыптастырылады. Әрбір тіл үйренушіге өзінің жеке кабинетін ашуға мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар Абай институты арқылы ағылшын, неміс, парсы, түрік, орыс тілдерінде Қазақстанның тұрмыс тіршілігі, мәдениеті, дәстүрі, халқы, табиғаты, тарихи тұлғалары, адам капиталы туралы ақпараттар ұсынылады.

ҚР азаматтарына қызметтерді көрсету
Электрондық қызметтер порталы egov.kz
05 ноября 2020
Қазіргі дүниежүзілік пандемия және әлеуметтік қашықтықты ұстау жағдайларын ескере отырып, Елшілік біздің азаматтарымызға төмендегіні еске салады:
Сіз «egov.kz – электрондық үкімет» порталы (https://egov.kz/cms/ru) арқылы көптеген мемлекеттік қызметтерді электродық форматта ала аласыз.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 87% - дан астамы «egov.kz» сайтында қолжетімді екенін атап өтеміз.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында 2020 жылдың соңына қарай электрондық форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 90%-ға жетеді.
Өз кезегінде, электрондық үкімет порталына кіру үшін өзіңіздің 10 минуттық уақытыңызды бөліп, осы сайттағы көптеген мемлекеттік қызметтерді пайдалану үшін электрондық цифрлық кілт алу қадамдарымен танысуыңыз қажет болады.
Оған қатысты анықтамалық сілтеме келесідей: https://egov.kz/cms/ru/services/pass-onlineecp
Аталған сайтта мемлекеттік қызметтерді алғаннан кейін сіз өзіңіздің мәртебеңізді растау үшін тиісті құжатты немесе анықтаманы (мысалы: соттылығы, отбасылық жағдайы және т.б. анықтамалар) шет мемлекеттің жергілікті органдарына бере аласыз.
ҚР азаматтарына қызметтерді көрсету
Электрондық қызметтер
04 ноября 2020

 

"Үшінші тұлғамен анықтама алу қызметі" көмегімен электронды анықтамалар алу нұсқаулығы

ҚР азаматтарына қызметтерді көрсету
Выборы депутатов Мажилиса Парламента
03 ноября 2020

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 262 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.

Елшіліктің мекен-жайы: Баку қ., Наджифоглу Рафиева көш, 14 үй.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 262 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

 

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Әзербайжан Республикасы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді:

- аты-жөні;

- туған күні;

- жеке сәйкестендіру нөмірі;

- тұратын мекенжайы;

- байланыс деректері

 

baku@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен жіберу немесе онлайн сауалнаманы толтыру алдын ала қажет.

 

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

- +994-50-875-88-08;

- +994-51-255-78-64;

- +994-50-988-08-46.

 

Сайлау учаскесіне келген кезде қолданыстағы карантиндік жағдайлар мен коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимылға байланысты медициналық-профилактикалық ережелерді сақтауды сұраймыз.

Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидаларын бекіту туралы
01 ноября 2020

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 11-1-4/252 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 460 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 қазанда № 21405 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 67-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидалары бекітілсін.
  2. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 08-1/1 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 98 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1899 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 29, 632 құжат) күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

       2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет және Сыртқы істер министрліктері осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет және Сыртқы істер министрліктерінің жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
  3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 67-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері мен Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету тәртібін белгілейді.
  2. Осы Қағидаларда құжаттарды талап ету деп (бұдан әрі – талап ету) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды сұрау салынған елдің мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан тиісті құжаттарды алып, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі – Консулдық қызмет департаменті) арқылы жолдау үдерісі танылады.
  3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Қағидаларда қамтылғаннан өзгеше тәртіп белгіленсе, онда сол халықаралық шартта белгіленген тәртіп қолданылады.
  4. Қазақстан Республикасынан мынадай құжаттардың:

       1) әскери билеттердің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктердің);

      2) қызметтік куәліктердің;

      3) неке қию туралы куәліктердің, егер неке бұзылған болса;

      4) қайтыс болған адамдардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері талап етуге жатпайды.

  1. Қайтыс болуы туралы куәліктер қайтыс болғандардың туыстары, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары және ұйымдары ресми мақсаттарда (мұрагерлік іс ашу және басқа да әлеуметтік-құқықтық сипатқа ие мақсаттарда) талап етуі мүмкін.
  2. Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың талап ету жөніндегі өтініштерін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді.
  3. Талап ету үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)" сәйкес консулдық алым алынады.

      Консулдық алым талап ету нәтижелеріне қарамастан алынады.

 2-тарау. Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету тәртібі

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан құжаттарды талап ету туралы сұрау салуды жолдау үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келесі құжаттарды:

      1) еркін нысандағы өтінішті;

       2) осы Қағидалардың қосымшасындағы нысан бойынша талап ету жөніндегі 3 дана сауалнаманы;

      3) өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      4) құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін (қажет болған жағдайда);

      5) заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);

      6) өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін;

       7) талап етілетін құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда);

      8) консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасын тапсырады.

  1. Егер:

      1) құжаттарды талап ету мәселесімен құжаттарды алуға құқығы жоқ тұлға жүгінсе;

      2) өтініш беруші сауалнамада қарастыруға қажетті мәліметті ұсынбаса;

       3) өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаса, құжаттарды талап ету туралы сұрау салуды жолдаудан бас тартылады.

  1. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі құжаттардың осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес келуін тексергеннен кейін сұрау салуды қоса берілетін құжаттармен бірге (2 дана сауалнама, консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қалған құжаттар) Консулдық қызмет департаменті арқылы он бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жібереді.
  2. Консулдық қызмет департаменті он бес күнтізбелік күн ішінде келіп түскен сұрау салуды қоса берілген құжаттармен бірге Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жібереді.
  3. Талап ету жөніндегі сұрау салуларды Қазақстан Республикасының мына мемлекеттік органдары мен ұйымдары:

      1) азаматтық хал актілерді тіркеу туралы құжаттарды талап ету бойынша – азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (тіркеуші органдар);

       2) әлеуметтік-құқықтық сипаттағы құжаттарды талап ету бойынша:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтерінде, ақпарат пен құқықтық статистика орталықтарында мемлекеттік сақталуда жатқан құжаттар бойынша (еңбек өтілі, жалақы, зейнетақы, мемлекеттік және ведомстволық марапаттар, негізсіз қуғын-сүргінге ұшырау фактілері, азаматтарды депортациялау және олардың мүліктерінің тәркіленуі, әскери қызметі, еңбек армиясына қатысы, сот актілері және анықтамалар туралы) – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе талап етілетін құжаттар сақталуында жатқан басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар;

      3) білім, ғылыми дәреже беру, ғылыми атақ беру және біліктілікті арттыру туралы құжаттарды талап ету бойынша – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

      4) саяси оқиғалардың, әскери қимылдардың немесе табиғат апаттарының салдарынан байланыс үзілген, оның ішінде бұрынғы әскери тұтқындар мен еркінен айырылғандар Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың жақын туыстарын іздестіру туралы мәліметтерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында және одан тыс жерлерде әскери іс-қимыл кезеңдерінде жерленген жауынгерлер мен азаматтық тұлғалардың қабірлерінің сақталғандығы туралы анықтама жүргізуге қатысты құжаттарды талап ету бойынша – Қазақстан Республикасының "Қызыл Ай Қоғамы" қоғамдық бірлестігі;

       5) Емделуде болғаны, кәсіптік аурулары мен қайғылы оқиғалар туралы мәліметтерге қатысты құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары он бес күнтізбелік күн ішінде сұрау салуларды қарастыру нәтижелері бойынша Консулдық қызмет департаменті арқылы сұрау салған Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне талап етілген құжатты жібереді немесе сұрау салуды қанағаттандырудың мүмкін еместігінің себептері туралы не қосымша тексеру қажеттігі туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
  2. Консулдық қызмет департаменті он бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан келіп түскен жауапты қосымша құжаттарымен бірге Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жолдайды.
  3. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі Консулдық қызмет департаментінен жауапты алғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге талап етілген құжатты немесе сұрау салуды қанағаттандырудың мүмкін еместігінің себептері туралы не қосымша тексеру қажеттігі туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
  4. Талап ету мерзімі өтініш берушінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне құжаттарды тапсырған күнінен бастап есептеледі және төрт айдан аспайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары қосымша тексеруді, сондай-ақ пошта арқылы құжаттарды жіберу ұзақ уақыт қажет ететін жағдайда, талап ету мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады және бұл туралы өтініш берушіге хабарланады.

 3-тарау. Шет елдерден құжаттарды талап ету тәртібі

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары құжаттарды шет елдерден талап ету туралы сұрау салуды жолдау үшін Консулдық қызмет департаменті арқылы Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келесі құжаттарды:

       1) осы Қағидалардың қосымшасындағы нысан бойынша талап ету жөніндегі 3 дана сауалнаманы;

      2) өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін (қажет болған жағдайда);

      4) заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);

      5) өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін;

      6) талап етілетін құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда) жолдайды.

  1. Консулдық қызмет департаменті келіп түскен талап ету жөніндегі сұрау салуды он бес күнтізбелік күн ішінде тиісті Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жолдайды.
  2. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі Консулдық қызмет департаментінен сұрау салу келіп түскен күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде құжаттарды талап ету мәселесі бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарына жолданады және бұл туралы Консулдық қызмет департаментіне бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
  3. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан жауаптың келіп түсу нәтижесі бойынша он бес күнтізбелік күн ішінде Консулдық қызмет департаменті арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына талап етілген құжатты қосымшасымен немесе сұрау салуды қанағаттандыру мүмкін еместігінің себебі көрсетілген немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен сұрау салуды қарастыруға қосымша мерзімнің қажеттігі туралы жазбаша жауап жолдайды.
  4. Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінен келіп түскен жауапты қосымша құжаттарымен бірге он бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жолдайды.
  5. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының шет елдердегі мекемелерінде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді бұрын алған Қазақстан Республикасы азаматтарының осындай қайталама куәліктерін Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мекемесі арқылы талап етеді.
  6. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатылмаған мемлекеттерден құжаттарды талап ету сол елдерді Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік ететін шет мемлекеттердің мекемелері немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің болу елінің аумағында орналасқан сол елдердің мекемелері арқылы жүзеге асырылады.
  7. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттерден талап етіп алынған ресми құжаттарды заңдастыру немесе оларға апостиль қою Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
мекемелері арқылы
Қазақстан Республикасы
азаматтарының, шетелдік
азаматтар мен азаматтығы жоқ
тұлғалардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз
етуге қатысты құжаттарды талап
ету қағидаларына
қосымша

Құжаттарды талап ету жөніндегі сауалнама

Сұрақтар

Жауаптар

Құжаттары талап етілетін адамдарға қатысты көрсетілетін мәліметтер

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Ескертпе:
мәліметтерді мемлекеттік немесе орыс және шетел тілінде көрсетіңіз;
тегіңізді ауыстырған болсаңыз олардың бәрін көрсетіңіз



2. Туған күні, айы, жылы және туған жері
Ескертпе:
ауыл, қала, аудан, облыс, егер шет елде туылған жағдайда сол елді көрсетіңіз



3. Жынысы



4. Азаматтығы
Ескертпе:
егер ауыстырған болсаңыз барлық бұрынғы азаматтықтарыңызды көрсетіңіз



5. Ұлты



6. Қандай құжат талап етіледі:
Ескертпе:
егер азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжат талап етілсе, оның нақты жерін және уақытын, сондай-ақ туу туралы құжат талап етілсе, ата-анасының аты-жөнін, әкесінің атын (бар болған жағдайда) көрсетіңіз;
егер білім туралы құжат талап етілсе, оқу орынның атауын және мекенжайын, оқуға түсу және бітіру күнін, құжаттың нөмірін және сериясын көрсетіңіз;
егер еңбек өтілі туралы құжат талап етілсе, мекеменің атауын, мекенжайын, жұмыс мерзімін және лауазымын көрсетіңіз;
егер шет елде бекітілген зейнетақы туралы құжат талап етілсе, сол зейнетақы қашан, не үшін және қандай ұйым бекіткенін, сондай-ақ соңғы рет зейнетақыны қандай ұйым және қашан төлегені туралы мәліметті көрсетіңіз;
кәсіпорынның, мекеменің және оқу орынның атауын мүмкіндігінше шет тілінде көрсетіңіз.



7. Құжатты талап етудің мақсаты



8. Тұрғылықты мекенжайы



Басқа адамның құжаттары талап етілген жағдайда өтініш берушіге қатысты мәліметтер

9. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)



10. Туған күні, айы, жылы және туған жері



11. Азаматтығы



12. Талап етілетін құжаттың иесіне туыстық қатынасы



13. Тұрғылықты мекенжайы



      

 

 Толтыру күні:  ______________      ________________________________

                                                                   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Өтініш берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 7777.

Сайлау 2021
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
22 октября 2020

Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады. Құрметті отандастар! Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады.

Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды.

Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады.

Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси  өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды.

Бірінші. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық  заңға және «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды.

Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады.

Сонымен қатар, парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді. Сондай-ақ бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады.

Бұдан бөлек, саяси партиялар фракцияларының жетекшілеріне Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдауларда және басқа іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілді құқық беріледі.

Екінші. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

Үшінші. Алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді. Пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандырады.

Бұл жаңа бастамалар партияларға еліміздің саяси жүйесіндегі ұстанымын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

***

Коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған күрделі экономикалық дағдарыс көптеген елді қамтыды, сондай-ақ, бүкіл әлемдік экономикаға кері әсер етті.

Қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның алдында дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдау, орнықты экономикалық дамуды және азаматтарымыздың әлеуметтік игілігін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру міндеті тұр.

Осы басымдықтар жөнінде менің Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда айтылды.

Парламенттің және жергілікті өкілді органдардың жаңартылған құрамы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы әрі заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге баса мән береді.

Алдағы сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін саяси институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға Қазақстанның аса ықыласты екенін тағы да бір дәлелдейтін болады.

Біздің ортақ миссиямыз – Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету. Қазақстан халқы аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Халқымыз осы жолы да елімізді жан-жақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи миссиясын лайықты атқарады деп сенемін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз кемелдене түсіп, дамудың жаңа кезеңіне шығатынымыз анық.

Мемлекетіміздің барлық азаматтарын белсенді азаматтық ұстанымын танытуға, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың алдағы сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

 

 

Консулдық алымының мөлшерлемесі
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы
07 сентября 2020

Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Социальные сети
Instagram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы