Қиын жағдайлар деп осындай оқиғалар түсініледі:
Қаржылық көмек түрлеріне төмендегідей шығыстар жатады:
тамақтану (бір күнге 80 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);
тұру (бір күнге 200 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);
бірінші қажеттіліктегі заттар болмаған жағдайда, оларды сатып алу (280 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);
Шетелдегі мекеме қаржылай көмек көрсетуден келесі жағдайларда бас тартады:
Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың тиісті құжаттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан алу процесі.
Талап етуге жатпайды:
«Ата жолы» картасы – шетелдегі этникалық қазақтар үшін Қазақстанда бизнес жүргізу мақсатында көшіп келушілерге немесе талап етілген кәсіптері бар адамдарға берілетін құжат.
«Ата жолы» картасы он жылға дейінгі мерзімге беріледі. Дегенмен, ол өтініш берушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзіміне байланысты шектелетінін ескеру жөн (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032983).
«Ата жолы» картасы келесі санаттардың біріне сәйкес ұсынылады:
1) «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және қойылатын талаптарды бекіту туралы» Жарлықта (сілтеменің батырмасы болады) көрсетілген мамандық иелеріне (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U050001587_ );
2) «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа (сілтеменің батырмасы болады) сәйкес талап етілетін кәсіп иелеріне (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031938 );
3) тұрақты тұратын немесе азаматтығы бар елде тіркелген және жұмыс істеп тұрған бизнесі бар азаматтарға.
«Ата жолы» картасын ұсыну туралы өтінішті «Құтты мекен» мобильдік қосымша немесе шетелдегі Қазақстан Елшіліктері, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы және Отандастар қоры арқылы өтініш бере аласыздар.
Өтінішпен қоса келесі құжаттарды тапсырасыздар:
Қосымша сұрақтар бойынша Отандастар қоры жанындағы Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз!
Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр.
Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған.
Ой-өрісі кең, ғылымның көптеген саласында энциклопедиялық білімі бар, ғылыми қызметті шебер ұйымдастырушы және алдыңғы қатарлы кадрларды тарта білетін адам ретінде Қ.Сәтбаевтың ұлылығы алдымен еліміздің интеллектуалды, ғылыми дамуына бағыт беруінде, қазақстандық қоғамды ағартушылықтан интеллектуалды ғылыми және кәсіби деңгейге көтеруінде. Қ.Сәтбаев басшылығымен жасалған қадамдар халқымыздың, жастарымыз бен еліміздің бүгінгі инновациялық және ғылыми әлеуетінің іргетасын қалады.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстан сауатты және ағартушылық қоғам болғанымен, кез келген кәсіби инженер кадрларды Ресей немесе Өзбекстан даярлап, ғылыммен Қазақстанға келген мәскеулік немесе ленинградтық ғалымдар ғана айналысты.
1927 жылы жас маман, инженер-кенші Қаныш Сәтбаев өзінің кәсіби қызметін жергілікті кәсіби кадрлардың жоқтығына, қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қарамастан, ағылшын концессионерлерінен мұраға қалған ғылыми-зерттеу жабдықтарында жұмыс істеуді Қарсақбай мыс кенішінен бастайды. 3 жылдан кейін 1930 жылдың басында оның тобымен ашылған шашыраңқы мыс кенорындары – үлкен Жезқазған кенорны қоры 2 млн тонна мыстан кем емес әлемдегі ең ірі кенорындардың бірі екендігі ғылыми дәлелденеді. Кейінірек оның «Үлкен Жезқазған мәселелеріне арналған» (Народное хозяйство Казахстана, 1936, №1-2, 74–83-бб.) алғашқы ғылыми мақаласы жарық көреді. Бұл Орталық Қазақстанның және тұтастай еліміздің бет-бейнесін толығымен өзгертті. Үлкен Жезқазғанның ашылуы адам ерлігімен қатар бүгінде жастар үшін практикалық міндеттерді жүзеге асырудағы кәсіби, ғылыми тәсілдің үлгісі болып табылады. Өркениеттен мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан Қарсақбай кентінде Қ.Сәтбаев ғылыми фактілерді зерттеу мен талдаудың ең үздік құралдарының көмегімен өмірінің соңына дейін дәл әрі жете талдау жасаған.
«Үлкен Жезқазған жалғыз нысан болып табылмайды. Жезқазған ауданының аумағында жеткілікті ірі темір, темір-марганец кендері бар, олар үлкен көлемде кен өндіруге мүмкіндік береді». Бұл ашқан жаңалығы Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында Одақтың құрыш құю өндірісін сақтауда маңызды рөл атқарды. Оның ғылыми түйсігі, жекелеген ғылыми фактілерден аналитикалық қорытынды жасауы ғалымды ұлы тұлғаға айналдырды десек те болады.
Жезқазғанның дамуын қаржыландырудан бастап – мыс қорыту комбинатын, су қоймасы мен теміржол салу, елімізде бүгінде Политех атымен белгілі (қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) алғашқы техникалық жоғары оқу орны Қазақ Тау-кен металлургия институтын құруға алғы шарт болды. Құрылған институт өзіміздің кәсіби кадрлардың, сонымен қатар еліміздің дамып келе жатқан тау-кен металлургия және геологиялық кәсіпорындарының ұстаханасына айналды. Жоғарғы буын инженер кадрларын кәсіби даярлаудың бұл векторы еліміздің жоғары білікті кәсіби маманға деген қажеттілігін қамтамасыз етті және алғашқы қазақ ғылыми кадрларды қалыптастырудың негізгі іргетасы болды. Қ.Сәтбаевтың еліміздің тау-кен металлургия секторының инженерлік интеллектуалды және ғылыми элитасын қалыптастырудағы жүйелілігі – оның ұйымдастырушылық қабілеттері мен болжамының маңызды эталоны. Ғалымның бірізді қадамдары 1940 жылы Геологиялық ғылымдар институты негізінде тұңғыш қазақтың ғылыми орталығын құруға, ғылымның академиялық филиалын құруға арналған аралас салаларға таратуға және 1946 жылы алғашқы Қазақ ұлттық ғылым академиясын негізін салуға мүмкіндік берді.
Қ.Сәтбаевтың басшылығымен Орталық және Шығыс Қазақстанда қазақ геологтарының ғылыми тобымен заманауи техникалық құралдарды қолдана отырып жүргізген терең де жүйелі зерттеулері 1950 жылдардың басында Қазақстанның геологиялық карталарын аналитикалық жүйелеуге алып келді.
Қазақстанның алғашқы жүйеленген металлогениялық карталарын қолдану арқылы ғылыми болжам, экстраполяция мен мәліметтерді болжау бірнеше онжылдықта металл кендерінің бай кенорындарын ашуға мүмкіндік берді. Шашыраңқы фактологиялық аймақтық мәліметтерді Орталық Қазақстанның біртұтас кешенді геологиялық картасына жүйелеу Қ.Сәтбаевқа кеңістікте орналасу заңдылығы туралы іргелі және әмбебап ғылыми тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді.
Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан елі мен халқының алдындағы басты еңбегі – геологиялық зерттеулердің дамуына қосқан зор үлесі. Оның тікелей басшылығымен елімізде ірі мыс және марганец кендерін өндіру жұмыстары басталғаны белгілі. Алайда ең бастысы – Қазақстанның аграрлы-ағартушылықтан сапалы индустриалды-ғылыми интеллектуалды елге айналуына ғалымның қосқан рөлі. Академик Қаныш Сәтбаевтың баға жетпес үлесі – ғылыми мәдениет пен ғылымда методологиялық әдістерді орнатуы. Бұлар – Қазақстанның ғылыми қызметкерлерінің қазіргі буыны мен ғылымға қызығатын жастар үшін жүйеленген зерттеу жұмысының үлгісі іспеттес.
Дереккөз: Народное хозяйство Казахстана, 1936
Советская геология, 1957
Известия АН КазССР, 1955
Вестник АН КазССР, 1962
Құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қойған қолы мен құжаттардағы мөрдің түпнұсқалығын белгілеу және куәландыру болып табылады.
Құжаттарды заңдастыруды:
БЕРІЛЕТІН АНЫҚТАМАЛАР: