- Өтініш.
- Сауалнаманың 3 данасы (сауалнамадағы сұрақтарға жауаптар толық және нақты, мемлекеттік немесе орыс тілінде болуы тиіс).
- Өтініш берушінің, заңды өкілдің не сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Өтініш берушінің өзіне қатысты құжаттар талап етілетін тұлғамен туыстық қатынастарың растайтын құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда).
- Заңды өкілдің не сенім білдірілген адамның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасы (құжаттарды алуға құқығы бар адамның өкілі талап еткен жағдайда).
- Өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін.
- Талап етілетін құжаттың көшірмесі (бар болса).
- Консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасын тапсырады.
* Қайтыс болу туралы куәлікті қайтыс болғандардың туыстары немесе заңды тұлғалар ресми мақсатта талап ете алады;
* Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың талап ету жөніндегі өтініштерін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді.