Астана қаласындағы тұрғын үй құрылысы

Астана қаласындағы тұрғын үй құрылысы

2023 жылғы қаңтар-шілдеде тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 282776,7 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 21,1% төмен. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 41,7% құрады.

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 22312 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1859882 шаршы метрді құрады, бұл 2022 жылғы тиісті қаңтар-шілдеге қарағанда 28,2% жоғары. Жеке салушылармен жалпы ауданы 32676 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл
2022 жылғы қаңтар-шілдеге қатысты алғанда 58,9%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 1,8% , 2022 жылғы қаңтар-маусымға 3,8% құрады.

Елордада 2023 жылғы қаңтар-шілдеде тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты шығыны 204,1 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен тұрғызылғаны 336,1 мың теңгені құрады.

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар - жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлер, жатақханалар, әлеуметтік топтарға арналған тұрғын үй құрылысын салуға жұмсалған шығындар.

Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру - құрылысы аяқталған жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлерді, жатақханаларды, әлеуметтік топтарға арналған тұрғын үйлерді (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйлері, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлері, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды бейімдеу орталықтары) белгіленген тәртіпте пайдалануға беру жатады.

Тұрғын үйлердің жалпы алаңының 1 шаршы метр құрылысының орташа нақты шығындары құрылыстың басталу күніне және жайлылық пен қабат деңгейіне қарамастан есепті жылы құрылысы біткен барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының 1 шаршы метріне құрылыс салушылар жұмсаған шығындардың нақты жиынтығы ретінде анықталады.

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

 

www.gov.kz / ҚР СЖРА ҰСБ Астана қаласы бойынша департаменті / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Шығаруға жауапты:

Құрылыс және инвестиция статистикасы

 

Басқарма басшысының м.а.:

Буркитбаев К.К.

Тел. +7 7172 32-19-23

Орындаушы:

Бекмагамбетов Б.К.

Тел. . +7 7172 32-19-23

Е-mail: el.bannaya@aspire.gov.kz

Мекенжай:

010000, Астана қаласы

Желтоқсан көшесі, 22

© Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті