Астана қаласының негізгі капиталына салынған инвестициялар туралы

Астана қаласының негізгі капиталына салынған инвестициялар туралы

2023 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 678 499,1 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 9,6% артық. Астана қаласының республикалық көлемдегі үлесі 8,4% құрады.

Қаржыландыру көздері бөлінісінде кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты - 71,4%, мемлекеттік бюджет каражаты - 23,5%, басқа қарыз қаражаттары - 4,1%, банк кредиттері - 1% құрады.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар

млн. теңге

 

2023 жылғы қаңтар-шілде

млн. теңге

қорытындыға пайызбен

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар

678 499,1

100,0

оның ішінде:

 

 

-республикалық бюджет

119 883,0

17,7

-жергілікті бюджет

39 298,2

5,8

Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты

484 784,7

71,4

Банк кредиттері

6 954,3

1,0

оның ішінде:

 

 

шетелдік банктерден

-

-

Басқа да қарыз қаражаты

27 578,9

4,1

оның ішінде:

 

 

резидент еместер

123,1

0,0

 

 

 

 

Әдіснамалық түсініктемелер:

Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар - машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар - жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

 

www.gov.kz / ҚР СЖРА ҰСБ Астана қаласы бойынша департаменті / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Шығаруға жауапты:

Құрылыс және инвестиция статистикасы

 

Басқарма басшысы:

Е. Банная

Тел. +7 7172 32-19-23

Орындаушы:

Т. Жанбырбаева

Тел. +7 7172 32-08-57

Е-mail: to.zhanbyrbaeva@aspire.gov.kz

Мекенжай:

010000, Астана қаласы

Желтоқсан көшесі, 22

© Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті