2023 жылғы 1 шілдесінде облыстағы халық саны 838,9 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 393,7 мың адам (46,9%), ауылдықтар – 445,2 мың адам (53,1%).
Халықтың табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар-маусымында 7526 адамды құрады (2022 жылғы сәйкес кезеңінде 7617 адам). 2023 жылғы қаңтар-маусымында жаңадан туылған нәрестелер алдыңғы жылғы сәйкес кезеңдегіден 2,8% азайып, шетінегендер 34,5% кем тіркелді.
Теріс көші-қон айырмасы қалыптасты және - -2332 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-маусымда - -2557 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда - -18 (-14), ішкі көші-қонда - -2314 (-2543 адам).
2023 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша айына 122965 теңгені құрады және 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 17,7% өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 19,9% өсімін ескере отырып, халықтың нақты ақшалай табыстары 1,8% төмендеді.
2023 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 17,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2023 жылғы шілденің соңына 19,4 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 5,5% болып қалыптасты.
2023 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге (кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардың жұмыскерлерін қоспағанда) есептелген орташа атаулы жалақы 330567теңгені құрады. Өсім 2022 жылғы II тоқсанға 13,5% құрады. Нақты жалақы индексі 2023 жылғы II тоқсанда 98,0% болып қалыптасты.
Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы шілдеде 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 105,9% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 6,2%, азық-түлік емес тауарларына – 6,2%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер –5% өсті.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2023 жылғы шілде 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 10,7% төмендеді.
Тіркелген заңды тұлғалардың саны 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 10900 бірлікті, оның ішінде 100 адамнан аз жұмыскерлері бар 10549 бірлікті құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 1,8% азайды. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 8791 бірлікті құрады, оның ішінде 8440 бірлікті шағын кәсіпорындар құрайды. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының саны (заңды тұлғалар) 8181 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% азайды.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 238013,1 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 103,8% құрады (салыстырмалы бағада).
2023 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауда көлемі 145081,7 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 104,0% құрады (салыстырмалы бағада).
2023 жылғы қаңтар-маусымда алдын ала деректер бойынша ЕАЭО елдерімен өзара сауда 38,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,3 есе аз, оның ішінде экспорт – 20,5 млн. АҚШ доллары (3,3 есе аз), импорт – 18,4 млн. АҚШ доллары (19,6% азайды).
2023 жылғы қаңтар-наурызда жалпы өңірлік өнім 535,6 млрд. теңгені құрады. ЖӨӨ көлемінің нақты өзгеру индексі 2022 жылғы тиісті кезеңге 1,7% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндірісінің үлесі 28,5%, қызмет көрсету - 62,5% құрады.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 579137 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2022 жылғы деңгейден 2,5% кеміді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 3,5%, өңдеу өнеркәсібінде 4,9%, кемісе, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 20,3% артты.
Ағымдағы жылдың қаңтар-шілдеде ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 49870,8 млн. теңгені құрап, 2022 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 1,5% артық болды.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 201887 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-шілдеге 124,2% құрады.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымының көлемі 19360,5 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2022 жылдың қаңтар- шілдесімен салыстырғанда 6,9% көбейды. Жолаушылар айналымының көлемі 1240,0 млн. жкм құрап 10,0% артты.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 64238 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 48,0% артық.
www.stat.gov.kz / ҚР өңірлерінің статистикасы / Қызылорда облысы / Жинақтар / Әлеуметтік-экономикалық дамуы
Орындаушы: Нұрмаханов Е.М. тел.+7(7242)27-45-85 |
Бөлім басшысы: Ан И.М. тел.+7(7242)27-45-85 |
Баспасөз қызметі: Нұрмаханов Е.М. тел.+7(7242)27-45-85 e.nurmakhanov@aspire.gov.kz |
Мекен жайы: 120014, Қызылорда қ-сы Ы.Жақаев көшесі,12 |
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті