Қызылорда облысы өнеркәсібі жұмысының негізгі көрсеткіштері

Қызылорда облысы өнеркәсібі жұмысының негізгі көрсеткіштері

2023 жылғы қаңтар-шілдеде 579137 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 382950 млн. теңгеге (жалпы көлемнен 66,1%), өңдеуде – 159448 млн. теңгеге (27,5%).

Өнеркәсіптің негізгі салалардың ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен  қамтамасыз ету 20,3% - ға айтарлықтай өсті.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 2023 жылғы қаңтар – шілдеде өнеркәсіп өндірісінің индексі 96,5% - ды құрады, бұл шикі мұнай өндірудің 4,3% - ға, рудаларды, темірден басқа 0,3% - ға төмендеуіне байланысты болды.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 4,9% төмендеді. Тамақ өнімдерін өндіру – 11,8%, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіруде 27,7%, металлургия өндірісі 8,8%, есебінен өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру 5,2%. Бұл ретте резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 1,9% - ға, машина жасауда 12,1%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 38,0% өскен.

Өнеркәсіп өндіріс  көлемінің төмендеуі Арал, Жаңақорған, Қазалы аудандарында және Қызылорда қ.ә. тіркелді.

Қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің индекстері

пайызбен

 

2023 жылғы шілде

2023 жылғы қаңтар-шілде

2022 жылғы қаңтар-шілдеге

2023 жылғы маусымға    

2022 жылғы шілдеге

Өнеркәсіп

96,8

93,0

97,5

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

100,7

93,6

96,5

Өңдеу өнеркәсібі

86,3

89,5

95,1

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

84,50

98,3

120,3

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет

101,6

96,8

105,0

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.

Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

 

Баспасөз хабарламаны жүктеу

 

www.stat.gov.kz / ҚР өңірлерінің статистикасы / Қызылорда облысы / Электрондық кестелер / Өнеркәсіп өндірісі статистикасы

Орындаушы:

Ахметова М.Г

Тел. + 7(7242) 27-46-04

mai.akhmetova@aspire.gov.kz

Бөлім басшысы:

Ахметова М.Г

Тел. + 7(7242) 27-46-04

mai.akhmetova@aspire.gov.kz

Баспасөз қызметі:

 Нурмаханов Е

Тел. +7(7242) 27-45-85

ye.nurmakhanov@aspire.gov.kz

Мекенжай:

120014, Қызылорда қаласы

Жақаев көшесі,12

©Қазақстан Республикасының  Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

 Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті