2023 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстарының көлемі – 18,1%, өнеркәсіп өндірісі – 10,3, бөлшек сауда – 6,4, тұрғын үй енгізу – 3,4, ауыл шаруашылығы өнімін шығару – 2,7% өсті.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 182,9 млрд. теңгені құрады. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты (инвестициялардың жалпы көлемінен 57,3%) негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басымдырақ көзі болып қалуда.
Негізгі капиталға құйылған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар: ауыл, орман және балық шаруашылығы (53,5%), өнеркәсіп (17,6%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (12%), көлік және қоймалау (9,9%) болып табылды.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 184,5 млрд. теңгені құрады. Мал мен құстың барлық түрлері тірідей салмақта союға 55,4 мың тонна өткізілді, сиыр сүті 396,1 мың тонна сауылды, тауық жұмыртқасы 410,2 млн. дана алынды.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 331,3 млрд. теңгені құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 5,7 млрд. теңгені, өңдеу өнеркәсібінде – 274,2 млрд. теңгені, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 40,6 млрд. теңгені, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте – 10,7 млрд. теңгені құрады.
Тамақ өнімдерінің өндірісі 8,7% өсті, соның ішінде ет және тағамдық қосымша өнімдер; ауылшаруашылық малдарына дайын азық – әрқайсысы 44%, ұн – 30,1, қатты ірімшік – 27,3, тазартылмаған рапс майы – 16%.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстарының көлемі 55,8 млрд. теңге сомасына орындалған. Құрылыс жұмыстарының көлемінде барынша жоғары үлес салмақты имараттар құрылысы алады. 335 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінен 317 – тұрғын және 18 – тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 96,7 мың шаршы метрді құрады. Тұрғын үй жалпы ауданының 1 шаршы метр құрылысына жұмсалған орташа нақты шығын 142,9 мың теңгені құрады (2022 жылғы қаңтар-шілдеде – 143,2 мың теңге).
2023 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 200,9 млрд. теңгені құрады. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі – 43,3%, азық-түлік емес тауарлар – 56,7% құрады.
Көтерме сауда көлемі 287,8 млрд. теңгені құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мәндегі өнімдер басым бөлігін (80,2%) құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2023 жылғы қаңтар-маусымда ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 310,5 млн. АҚШ долларын құрады, ол 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,1% артық, соның ішінде экспорт – 63 млн. АҚШ доллары (56,3% артық), импорт – 247,5 млн. АҚШ доллары (4,6% артық).
Солтүстік Қазақстан облысы экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары