Облыс экономикасының әртүрлі салаларында 2023 жылғы II тоқсанда 274,2 мың адам, немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 64,4% жұмыспен қамтылған болатын. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан артығы 52,3% (143,5 мың адам) – ерлер, 47,7% (130,8 мың адам) – әйелдер.
Жалдамалы қызметкерлер саны 2023 жылғы II тоқсанда 206,9 мың адамды, немесе экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 75,4% құрады. Жұмыспен қамтылған халық ішінде жалданбай жұмыс істейтіндер саны 67,3 мың адамды, немесе 24,6% құрады. Жалданбай жұмыс істейтін халықтың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі – 96,1% (2022 жылғы ІІ тоқсанда – 98,6%), жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 3,9% (2022 жылғы ІІ тоқсанда – 1,4%) құрады.
Жұмыссыздық деңгейі 4,8% болып қалыптасты. Жұмыссыздар ішінде ерлер үлесі – 46,9%, әйелдер –
53,1% құрады.
15-34* жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% шамасында қалыптасты.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 2023 жылғы II тоқсандағы еңбек нарығындағы жағдай