2023 жылғы 2 тоқсанда халықты жұмыспен қамту іріктемелі зерттеуінің қорытындысы бойынша 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 571,9 мың адамды құрады. Облыс экономикасында 544,5 мың адам жұмыспен қамтылды. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққанда жұмыспен қамту деңгейі 66,6% құрады.
Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 362,6 мың адам немесе 66,6% жалдану бойынша жұмыс істеді, 133,4 мың адам – дара кәсіпкерлер, 48,0 мың адамды – тәуелсіз жұмыскерлер құрады.
Жұмыспен қамтылғандар санынан 8,6% (47 мың адам) жеке тұлғаларда жалдану бойынша жұмыс істеді, 7,3% (39,7 мың адам) жеке қосалқы шаруашылықта жұмыспен айналысты.
2023 жылғы 2 тоқсанда уақытша жұмыстарда – 46,4 мың адам, кесімді жұмыстарда – 3,9 мың адам жұмыспен қамтылды.
Жұмыспен қамтылғандардың көп бөлігі өз қызметін ауыл шаруашылығы (25,4%), білім беру (15,3%), сауда (14,6%) сияқты экономикалық қызметтер түрлерінде жүзеге асырды.
2023 жылғы 2 тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге дайын болған 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 27,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады.
2023 жылғы II тоқсандағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары
|
Барлығы |
Оның ішінде |
|
ерлер |
әйелдер |
||
Жұмыс күші, мың адам |
571,9 |
306,9 |
265,0 |
15 және одан жоғары жастағы халық санындағы жұмыс күші үлесі,пайызбен |
69,9 |
77,0 |
63,2 |
Жұмыспен қамтылған халық, мың адам |
544,5 |
293,0 |
251,5 |
Жұмыспен қамту деңгейі, пайызбен: |
|
|
|
15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққанда |
66,4 |
73,5 |
60,0 |
жұмыс күшінің санына |
95,2 |
95,5 |
94,9 |
Жұмыссыз халық, мың адам |
27,4 |
13,9 |
13,5 |
Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен |
4,8 |
4,5 |
5,1 |
Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-34 жастағы)2⁾, пайызбен |
3,5 |
3,5 |
3,6 |
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, пайызбен |
1,5 |
1,5 |
1,4 |
Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар , мың адам |
246,3 |
92,0 |
154,3 |
15 және одан жоғары жастағы халық санындағы жұмыс күші кұрамына кірмейтін адамдардың үлесі, пайызбен |
30,1 |
23,1 |
36,8 |
1⁾ Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі жүргізілетін зерттеу деректері.
2⁾ «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.
Жұмыссыз халық (ХЕҰ стандартына сәйкес) – жұмыссыз болған (табыс көзі болмаған), оны іздеумен белсенді айналысқан, белгілі бір уақыт ішінде жұмысқа кірісуге дайын адамдар.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күші санындағы жұмыссыздар санының пайызбен есептелген үлесі.