2023 жылғы 1 шілдеге облыстағы халық саны 532,7 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 259,3 мың адам (48,7%), ауылдықтар – 273,4 мың адам (51,3%).
2023 жылғы қаңтар-маусым ішінде 2791 нәресте туылғаны тіркелді. Туылғандардың ішінде 1420 – ұлдар және
1371 – қыздар. Жаңа туған балалардың ішінде 1171 (41,9%) облыс орталығында туған.
Облыс аудандары арасында ең жоғары туу коэффициенті Уәлиханов ауданында – 16,31 промилле, Ақжар – 14,03, Мамлют ауданында – 11,32, Тайынша ауданында – 11,10 промилле тіркелді. Облыс бойынша ең төмен туу көрсеткіші Есіл ауданында – 8,21 промилле, Тимирязев – 9,47, Аққайың ауданында – 9,50.
2023 жылғы қаңтар-маусымда 2923 адам қайтыс болды. Халықтың негізгі өлім себептері арасында ең үлкен үлес салмақты қан айналымы жүйесінің аурулары (16,9%), тыныс алу органдарының аурулары (14,3), ас қорыту органдарының аурулары (8,6), жаңа өскіндер (8,2), жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттану (6,4%) алады.
Өлім-жітім коэффициенті облыс бойынша 11,06 промилле құрады.
Қаралатын кезең ішінде 1380 неке тіркелді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының деректері бойынша, некені бұзу туралы сот шешімдерін ескерусіз, 310 ажырасу тіркелді.
Әдіснамалық түсініктемелер
Халықтың табиғи өсімі белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.
Туудың жалпы коэффициенті – бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа шаққанда есептеледі.
Солтүстік Қазақстан облысындағы демографиялық ахуал туралы