2023 жылғы ІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 336,0 мың теңгені құрады және 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 19,1% артты, нақты жалақы индексі – 102,7% құрады.
Салалық құрылымда ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру қызметі жұмыскерлерінде – 440,4 мың теңге, бұл орташа облыстық деңгейден 31,0% жоғары, ең төменгі жалақы көрсетілетін жылжымайтын мүлікпен операциялар саласындағы қызметкерлерде – 169,9 мың теңге, бұл орташа облыстық деңгейден 49,4% төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Риддер қаласында – 400,4 мың теңге және Самар ауданында – 361,8 мың теңге; ең төмен жалақы – Катонқарағай және Күршім аудандарында (облыс бойынша орташа деңгейден 24-25% төмен) қалыптасты. Қалған өңірлердегі оның шамасы 260,8-342,9 мың теңге аралығында ауытқиды.
2023 жылғы ІI тоқсанда облыс бойынша орташа айлық жалақы республикалық көрсеткіштен 8,1% төмен қалыптасты.
2023 жылғы ІI тоқсанда қызметкерлердің орташа тізімдік саны 169,9 мың адамды құрады.
Әдіснамалық түсініктеме
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жалақының есептелген қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу жолымен анықталады.
Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.
*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.