Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын

Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын

Үкімет қолдау көрсетуден бастап шығындардың бір бөлігін өтеуге дейінгі заманауи цифрлық технологияларды енгізетін кәсіпорындар үшін қолдаудың бірнеше жолын ұсынуға ниетті. 

Қазақстандық кәсіпорындарда заманауи цифрлық технологияларды енгізу басымдықтарын "Индустрия 4.0: автоматтандырудан цифрландыруға" панельді сессиясы шеңберінде Digital Almaty V Халықара цифрлық форумының қатысушылары талқылады.

"Біз Индустрия 4.0 бағытында қозғалыс барын көріп отырмыз. Өнеркәсіп орындарының қызығушылығы бар, IT-технологияларды, роботтандыруды енгізуде қазірдің өзінде тәжірибе бар. Үкімет қабылдап жатқан шешімдер индустрия және технологияны дамыту мен алға жылжытуда нәтижесін береді деп үміттенеміз",- деді индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова.

Ол былтыр министрліктің қазақстандық "QazIndustry" индустрия және экспорт орталығымен бірлесіп, арнайы семинарлар мен кәсіпорындарды зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастағанын еске салды. Сондай-ақ былтыр қолданыстағы "Өнеркәсіп туралы" заңға өзгерістер енгізіліп, оған қазір «Индустрия 4.0» бойынша негізгі нормалар қосылды.

"Біз сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын қайта қарадық. Мемлекет IT енгізу шығындарын өтейтін болады. Өнеркәсіп орны өз кәсіпорнында IT-инфрақұрылымды дамытуға қандай да бір шығынға ұшыраған жағдайда, біздің өнеркәсіпті дамыту институты арқылы шығындарының 50% -ын өтей алады. Бұл жайлы арнайы нормативті-құқықтық актілер қабылданды", - деп атап өтті Щеглова.

Оның айтуынша, қазір министрлік роботтандыруды дамыту мәселесін жеке қарастыруда. "Біз роботтандыру тұжырымдамасын, кәсіпорындар үшін алдағы 2-3 жылға арналған қысқа мерзімді жоспар жазуды, мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды жоспарлап отырмыз және индустриялық гранттар беру мәселесі пысықталуда", - деп нақтылады вице-министр.

 

Digital Almaty - бұл цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді. Іс-шараны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастырады.

Спонсорлар:: Freedom Holding Corporation, CITIX, Jusan Bank, Bereke Bank, Kcell, Eurasian Resources Group/Business & Technology Services, AppStream, Tele2/ALTEL, Halyk Bank, Kazakhtelecom, ALSI Integrations, Dell Technologies, Nurbank, VK Cloud

Ақпараттық серіктестер: Kapital.kz, Kursiv.media, LSM.kz, NUR.kz, STEPPE, Zakon.kz, CITIX, HeadHunter.kz, Sxodim.com, Qamalladin Media, The Astana Times, WEproject.media, DigitalBusiness.kz, BlueScreen.kz, THE TECH, Limon.kg, Manas.news, DKNews.kz, Armenpress, MyBusiness.kz

 БАҚ үшін байланыстар

 ЦДИАӨМ  баспасөз хатшысы: Ерхан Таткен +7702 817 7617

Форумның PR-маманы, Tech Garden: Альбина Рамазан +7777 3139190

ASTANA HUB баспасөз қызметі: Асель Мухамбетова +7747 432 2056