«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі


«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы) сауда, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларында функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ведомстволары жоқ.
3. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120008, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 ғимарат.
10. Осы ереже Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына кәсіпкерлік субъектілерімен Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының
мақсаттары мен өкілеттіктері

13. Мақсаттары:
1) кәсіпкерлікті дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүргізу;
2) сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеу;
3) мемлекеттік саясатты іске асыру және өңірдің индустриялық-инновациялық дамуына үйлестіруді жүзеге асыру;
4) өнеркәсіп салалары және қазақстандық мазмұнды дамытуды үйлестіру және дамуы бойынша мониторинг жүргізу;
5) жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
6) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді атқарады.

14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары: Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы;
2) Міндеттері: заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
жеке және заңды тұлғалардың Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
15. Функциялары:
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;
2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;
3) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізеді;
4) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және соған жауапты болады;
5) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
6) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
7) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастырады;
8) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
9) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
10) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты ілгерілетуді жүзеге асырады;
11) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамыту үшін жағдайлар жасайды;
12) ұлттық және аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
14) реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізуді жүзеге асырады;
15) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептер ұсынуды жүзеге асырады;
16) бірыңғай есеп беру күнін ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады;
17) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
18) өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
19) облыста сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
20) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
21) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;
22) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
23) облыстың аумағында алдағы күнтізбелік жылға бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;
24) облыстың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
25) аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
26) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;
27) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындауды және бекітуді қамтамасыз етеді;
28) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді;
29) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құруды қамтамасыз етеді;
30) спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
31) сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
32) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
33) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылау жасау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге және кен іздеушілікке бақылау жасайды;
34) жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілікке арналған лицензияда және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының
Кодексінде көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауына бақылау жасайды;
35) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарға құрылыс салуды реттеу, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерін есепке алуды жүргізеді;
36) өздері берген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және
кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
37) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды;
38) өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газы айналымына бақылауды жүзеге асырады;
39) өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;
40) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияны құрады;
41) сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
42) облыстың алдағы тоқсанға сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін айларға бөле отырып, уәкілетті органға тоқсан сайын береді;
43) топтық резервуарлық қондырғылар иелерінің тізілімін жүргізеді және интернет-ресурста жариялайды;
44) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекітеді;
45) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келіседі;
46) сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстыру коэффициенттерін бекітеді;
47) газ және газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті органға:
облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді;
облыстың аумағында сұйытылған мұнай газының көтерме және бөлшек сауда
бағалары жөніндегі мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын;
облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамын жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін кемінде үш ай бұрын ұсынады;
48) облыстың халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастырады;
49) шетелдіктерді қабылдауды ұйымдастырады және халықаралық байланыстарды жүзеге асырады;
50) шетелдіктерді қабылдауды ұйымдастыру және халықаралық байланыстарды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16қ қаулысының талаптарына сәйкес құпиялылық режимін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;
51) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
52) уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешім қабылдайды;
53) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты, сондай-ақ шағын индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешім қабылдайды;
54) жекеше индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын келісуді;
55) ерекше индустриялық аймақ мәртебесін бере отырып, ерекше индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасын келіседі;
56) ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдайды;
57) жалпы санының елу пайызынан кем емес кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен өңірлік үйлестіру кеңесін құрады;
58) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың үлгілік ережесі негізінде республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы ережені бекітеді;
59) индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын қоса алғанда, индустриялық аймақты құру жобаларын сараптау, сондай-ақ құрылатын индустриялық аймақ үшін инфрақұрылым салу кезінде жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;
60) индустриялық аймақтарды дамыту жоспарларының жобаларын әзірлейді;
61) индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын айқындайды;
62) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларымен мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттары негізінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарын жасасады;
63) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын тартады;
64) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты жасасады;
65) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шартты жасасады;
66) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шартты жасасады;
67) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтар қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын, бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторингтің деректерін талдайды;
68) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің салынған объектісі мемлекеттік меншікке берілген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғамен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясынан уақытша жер пайдалану құқығын бір мезгілде жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның пайдасына иеліктен шығаруға байланысты арнайы экономикалық аймақ құрылатын, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын
жасасады;
69) өңірдің өнеркәсіптік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
70) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді;
71) тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесіне сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы елішілік құндылық бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде береді;
72) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпаратты береді;
73) индустриялық даму бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысады;
74) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында өңірдің индустриялық дамуы туралы баяндайды;
75) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетеді;
76) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асырады және тоқсан сайын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат береді;
77) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабына сәйкес сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды әзірлейді;
78) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданады;
79) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
80) Қызылорда облысы әкімдігі атынан:
мемлекеттік орган болып табылмайтын ведомстволық бағынысты облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты құрылтайшы ретінде әрекет етеді;
облыстық коммуналдық меншікте акциялары (қатысу үлесі) бар заңды тұлғаларға қатысты акционер (қатысушы) ретінде әрекет етеді;
81) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кәсіпкерлік және өнеркісіпті қолдау мен дамыту саласы бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.


3-тарау. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының
бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары (орынбасарлары) болады.
19. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде Қызылорда облысы әкіміне және жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
2) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын бiлдiредi;
3) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
5) еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жататын Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
6) бұйрықтарға қол қояды;
7) Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
8) өз құзыреті шеңберінде шарттар жасасады;
9) Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының атынан сенімхаттар береді;
10) өз өкілеттіктерін ұйымдастыру және ішкі тәртіп мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
11) сотта Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мүддесін білдіреді, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының атынан талапкер, жауапкер ретінде әрекет етеді;
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
13) Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
14) Қызылорда облысы әкімі және облыс әкімдігінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
15) Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
16) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
17) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
18) азаматтарды жеке қабылдау кестесін бекітеді;
19) Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бірінші басшысы
болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.


4-тарау. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мүлкi

21. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебiнен қалыптастырылады.
22. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншікке жатады.
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі табылады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.


5-тарау. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын
қайта ұйымдастыру және тарату

24. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының «Бизнеске арналған үкімет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.

Дата публикации
10 февраля 2025