«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1 – тарау. Жалпы ережелер

1. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру және аудан бюджетінің орындалуы жөніндегі заң актілерінің сақталуын қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Бюджет кодексіне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 құрылыс. Индексі 021800.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен ғана жүзеге асырылады.

12. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілермен «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. – тарау. Мемелекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру және аудан бюджетінің орындалуы жөніндегі заң актілерінің сақталуын қамтамасыз ету.

14. Міндеттері:

1) ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың микроэкономикалық болжамдау және реттеу, мемлекеттік қаржылық-несиелік саясатымен өзара әрекеттестікте мемлекеттік салықтық-бюджеттік және инвестициялық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;

2)  стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және жетілдіру;

3) қаржы мен бюджеттік есіптілік, бухгалтерлік және бюджеттік есеп, жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша әдістемелік жетекшілікті жүзеге асыру;

4)  мемлекеттік мекемелермен ақшалай қаражаттарды әсерлі жұмсауын арттыру жөніндегі шараларды орындау;

5) мемлекеттік активтерді әсерлі басқару саясатын әзірлеуде қатысу және оны жүзеге асыру;

6) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7) мемлекеттік коммуналдық меншік активтерінің есепке алуын реттеу және жүргізу.

15. Функциялары:

1) үш жылдық мерзімге жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштерін жоспарлау;

2) аудандық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету, аудандық бюджеттің орындалуы бойынша есеп пен есептілікті жүргізу;

3) ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыру;

4) бес жылдық мерзімге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамытуын болжау мен басымдылықтар жасауы;

5) үш жылдық кезеңге мемлекеттік орган стратегиялық жоспарын әзірлеу;

6) жергілікті басқару органдарымен стратегиялық жоспарларын орындауға бақылауды жүзеге асыру;

7) бюджеттік бағдарламалар әкімдерін бюджеттік мәлімдемелерді қарау;

8) дамытуға насыналы трансферттер мен облыстық бюджеттен бюджеттік несиелеу есебінен жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар тізімін қалыптасу;

9) аудан бюджетін орындау жөніндегі есептерді (жылдық, ай сайынғы) құрастыру, оларды жергілікті өкілетті және атқарушы органға ұсыну;

10) ауданның бюджет жобасын жасау және бюджеттік комиссияға қарастыру үшін енгізу;

11) нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерін пайдалану есебінен жеткізген тікелей және түпкі нәтижелер туралы есепті қалыптасу;  

12) түсімдер мен қаржыландырудың жинақ жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жинақ жоспарын құрастыру және бекіту, оларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу;

13) коммуналдық меншік объектілерді жекешелендіру бойынша сауданы ұйымдастыру және өткізу, коммуналдық меншік объектілерін сату-сатып алу шарттарын әзірлеу және бекіту;

14) коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген негізгі қаражаттарды қабылдау-тапсыру және шығару мәселелерін мақұлдау;

15) ауданның стратегиялық және инвестициялық басымдықтарын анықтау;

16) бюджеттік инвестициялардың экономикалық әсерлігін жүзеге асыру және бақылау мониторингін өткізу;

17) коммуналдық меншік және оның мүліктік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша аудан әкімдігінің мүдделерін ұсыну;

18) жергілікті бюджеттен қаржыландыру үшін ұсынылатын инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама өткізу;  

19) бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік қаражатты игеру мониторинг жүзеге асыру;

20) бюджеттен артықтау (жаңсақ қате) төленген соммалардың қайтарылу немесе қарызды өтеунің есебіне жатқызу;

21) мемлекеттік сатып алу рәсім мониторингін жүзеге асыру және мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу жөнінде ақпарат ұсыну;

22) коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті жалға (жалға) ұсынудың мониторингін жүргізу;

23) аудандық коммуналдық меншікті басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

24) ауданның жедел дамыуына кешендік жоспарды құрастыру;

25) аумақтарын дамыту іс-шаралардың әзірленуі, және іске асыру мониторингі; 

26) аудандық бюджеттен  қаржыландыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау;

27) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттің даму бағдарламаларына аудандық бюджет шығындарының лимиттерін қалыптастыру;

28) бюджеттік несиелердің арнаулы және тиімді пайдалануы, өтеуі мен қызмет көрсетуін бақылау;

29) тиісті қаржы жылына аудандық бюджет жөніндегі аудандық мәслихаттың шешімін жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның қаулыларын әзірлеу;

30) шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүліктің әсерлі пайдалануын тексеруді ұйымдастыру және өткізу;

31) жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен мемлекеттік инвестициялардың басым бағыттарын қалыптастыру;

32) бюджеттік комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

33) әлеуметтік – экономикалық дамытудың орташа мерзімді жоспарларының әзірлеуі мен жүзеге асыруын әдістемелік қамтамасыз ету;

34) аудандық бюджетке түсімдерді болжамдау;

35) мемлекеттің қатысуымен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызмет әсерлігіне талдау жасау;

36) басымды салалар бойынша жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша қаржы ұйымдары мен банктермен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;

37) жекешелендіруі облыстық жергілікті атқарушы органның алдын ала келісімімен жасалуы мүмкін тізбеге енгізілген аудандық коммуналдық мүлік объектілерін аудандық коммуналдық меншікті жекешелендіру бойынша жекешелендіруі облыстық жергілікті атқарушы органның алдын ала келісімін алу;

38) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдау;

39) келесіде сатып алу немесе өтеусіз негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне тапсыру құқығымен келесіде сатып алу құқығынсыз жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға ұсыну;

40) аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару келісімдерінің шарттарын орындау және сенімгерлік басқарушымен сенімгерлік басқару келісімдерінің шарттарын орындауға бақылауды іске асыру бойынша сенімгерлік басқарушылардың есептерін тыңдауды ұйымдастыру;

41) жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы және сәйкес жылға саудада жүзеге асыруға жататын нысандарды бекіту туралы аудан әкімдігінің қаулыларын әзірлеу және бекітуді ұйымдастыру;

42) «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттықтарды өткізу туралы хабарлама жариялау үшін кезеңдік баспа басылымдарын анықтау бойынша іс шаралардың өткізілуін қамтамасыз ету;

43) жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүлікті сатуды ұйымдастыру, соның ішінде жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру нысандарына бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру нысындарын сатып алу-сату келісімдерін дайындауды іске асыру және сатып алу-сату келісімдерін сақтауға бақылауды ұйымдастыру бойынша іс шараларды өткізу;

44) жекешелендіруге дейінгі бақылау бойынша комиссия шешімінің негізінде оларды түзету мақсатымен сатып алу-сату келісімдері бойынша қосымша келісімдерді әзірлеуді ұйымдастыру;

45) гендерлік саясат мәселелерін іске асыруға қатысу;

46) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) жергілікті атқарушы органдармен орташа мерзімді жоспарлардың жүзеге асыруларына бақылауды жүзеге асыру;

2) ауданды дамытудың мақсаттары, басымдықтары және стратегиялары бойынша Целиноград ауданы әкімдігінің қарастыруына ұсыныстар енгізу;

3) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен келісім бойынша бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды ай сайынғы кестесіне өзгерістер енгізу;

4) ауданды дамыту стратегиясын жүзеге асыруға кедергі болатын қабылданған актілердің күшін жою немесе өзгерту жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу;

5) сатып алушылармен коммуналдық меншік объектілерін сатып алу- сату шарттарына сәйкес міндеттемелерінің орындалуына, сондай-ақ өзге шарттық міндеттемелердің орындалуына бақылау жасау;

6) жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан бюджетті жоспарлауды қамтамасыз ету, бюджетке түсімдер жөніндегі шаралардың кешенін орындауға қажетті ақпаратқа сұрау салу және алу;

7) жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдардан, мекемелерден, мемлекеттік кәсіпорындардан мемлекеттік сатып алу бойынша тауар, қызмет пен жұмыстарды сатып алудың жоспарланған номенклатурасына сұрау салу және оларды уақытында алу;

8) аймақтық бағдарламалардың орындалу барысына бақылау жасау;  

9) аудандық бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік өтінімдеріне бағалау өткізу және олар бойынша қорытындылар беру;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де құқықтар;

11) мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану.

3 – тарау.пМемелекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

17. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

18. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Целиноград ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне басшылықты дара басшылық негізінде жүзеге асырады;

2) «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

4) лауазымдық нұсқаулықтарға және осы Ережеге сәйкес «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуді жүзеге асырады;

5) мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен қарым-қатынаста «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді, азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады және қоғамдық бірлестіктермен келісім рәсімдерін өткізуді ұйымдастырады;

6) өз құзыреті шегінде «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне орындауға міндетті нұсқаулар мен тапсырмалар береді;

7) «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің істер номенклатурасын бекітеді;

8) «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысының негізгі бағыттары бойынша жоспарлар мен іс-шараларды бекітеді;

9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;

10) қызметкерлер санының белгіленген лимиті және еңбекақы қоры шегінде «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;

11) «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

12) «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.

«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4 - тарау. Мемелекеттік мекеменің мүлкі

  1. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 – тарау.пМемелекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

       

«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
05 сентября 2024