Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі ˗ ЦДИАӨМ) Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі (бұдан әрі - Дүниежүзілік банк) арасындағы Қарыз туралы келісімі бойынша «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес (бұдан әрі - ҒКХК) құрамында сарапшылар пулын қабылдауды жоспарлауда. ҒКХК ЦДИАӨМ жанындағы тәуелсіз консультативтік орган болып табылады, инновациялық жобаларға сараптама, бағалау жүргізеді және жобалардың қысқа тізімін жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инновациялық саясатын дамытуға атсалысады.
Конкурсқа Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар ғылыми білім салаларындағы ғалымдар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға «ISCB expert application» нысанына сәйкес өтінімдер 2023 жылғы 29 мамыр сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) ағылшын тілінде электрондық мекенжай бойынша қабылданады: expert@fpip.kz.
Өтінімдерді PDF қолтаңбасы бар сканерленген нұсқамен бірге Word форматында жіберу қажет.
Сарапшыға қойылатын біліктілік талаптары техникалық тапсырмада көрсетілген.
Осыған байланысты, біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық ниет білдіруші ғалымдарды конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурс туралы толық ақпаратты Жобаның сайтынан www.fpip.kz немесе expert@fpip.kz электронды поштасы арқылы ала аласыз.