Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының м.а.
2021 жылғы «31» желтоқсандағы
№ 231-нқ бұйрығымен
бекітілген
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының әкімшілік жұмыс бөлімі туралы ережесi
4.Әкімшілік-құқықтық бөлімі:
1) бөлім басшысы;
2) бас маманнан тұрады.
негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
Функциялары:
1) басшылықтың тапсырмасы бойынша ішкі бақылау функцияларын жүзеге асыру;
2) басқарманың жұмысын қамтамасыз етуге арналған қаржылық жоспарды орындау бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген ережесінің негізінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;
3) есептердің, құжаттамалардың, аванстық есептерді және өзге де ақша құжаттарының дұрыс рәсімделуін бақылау;
4) штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
5) айлық, тоқсандық, жылдық бухгалтерлік есептерді уақтылы және сапалы дайындау.
Функциялары:
1) бірінші басшының қол қоюға ұсынылған құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының, оның ішінде бұйрықтардың, құқықтық сипаттағы шешімдер мен өзге де құжаттардың заңнамалық талаптарға сәйкестігіне бақылауды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік қызметті өтумен байланысты кешенді жұмыстарды қамтамасыз ету; сот органдарында өкілдік ету;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде материалдардың дұрыс және сапалы болуын бақылау;
4) тексеру жүргізу туралы актілерді уәкілетті органда уақытылы тіркеу;
5) заңнамалар базасымен жұмыстану.
Функциялары:
1) бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстық құжаттаманы, азаматтық қызметшінің, қызметкерлердің демалысқа шығу, қызметке қабылдау және шығару бұйрықтарын рәсімдеу;
2) тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
3) аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлеу;
6) мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
1) басқарманың мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу және белгіленген нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі есептер тапсыру;
2) белгіленген нысандар бойынша есептер мен декларациялар жасау және салық органына тапсыру;
3) белгіленген нысандар бойынша облыстық статистика басқармасына есептер беру;
4) бухгалтерлік құжаттарды сақтау, мұрағатқа өткізу үшін оларды белгіленген тәртіпте рәсімдеу;
5) басқарманың ұйымдастырушылық жұмыстарын қамтамасыз ету;
6) жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдар бойынша есеп беру;
7) мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарын құқықтық сараптамадан өткізу;
8) АВ және АП базасында мәліметтерді рәсімдеу және есеп беру;
9) мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтық қызметкерлердің демалысқа шығу кестесін әзірлеу;
10) қызметкерлердің мемлекеттік қызмет өтілін айқындау туралы хаттамасын әзірлеу;
11) ағымдағы іс қағаздарын жүргізу, іс номенклатурасын әзірлеу;
12) мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшасына (қызмет ету тізімі) қажетті жазбалар жазу;
13) уәкілетті органдарға ұсыну үшін бос лауазымдардың тізімін дайындау;
14) басқарманың ұйымдастырушылық жұмыстарын қамтамасыз ету;
15) басқарманың ресми сайтында заңнамалар туралы, бос лауазым туралы деректердің орнатылуын және орнатылған деректердің уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету.
1) бөлім бас мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.