Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитеті Төрағасының
20___ жылғы «__» _____ №____
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің
Электр-жылу өндіруші станцияларын бақылау басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін әзірлейді;
3) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
4) жүйелік оператордың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) Мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады:
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуын;
электр және жылу энергиясын тұтыну, тарату өндіру тәртібін оңтайландыруды, ұтымды және үнемді пайдалануды;
электр станцияларының, электр желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі;
6) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
7) электр энергиясын өндіру сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады;
8) Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесін бірнеше бөлікке бөлуге, тұтынушыларды электр энергиясынан жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың зақымдануына әкеліп соққан ірі технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру комиссиясының жұмысына қатысады;
9) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады;
10) көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсініктемелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен беру үшін материалдарды карауды жүзеге асырады, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электрэнергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптарды орындауды растайтын құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады.
11) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау азаматтық қорғаныс жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз етеді;
12) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
13) өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді;
14) Комитеттің интернет-ресурсында Басқарманың құзыретіне кіретін ақпараттар мен материалдарды орналастыруды қамтамасыз ету;
15) Басқарма құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді;
16) құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық және Операциялық жоспарларына ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;
17) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшылығының актілерінің жобаларын және олардың тапсырмаларына жауаптарды сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;
1) Комитеттің басқа құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен және аумақтық органдарынан өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті құжаттар, мәліметтер материалдарды сұрауға және алуға;
2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша электр энергетикасы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізуге;
3) Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін Комитет Төрағасының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің тікелей басшыларының келісімімен осы тартылатын функцияларының шеңберінде Басқарма өткізетін іс – шараларға қатысуға тартуға құқығы бар;
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі актілерінің жобаларын және олардың тапсырмаларына жауаптарды сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың жетекшілік ететін мәселелері бойынша бақылау тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруға;
2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың сұрауларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
4) құжаттардың, құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеуді қамтамасыз етуге;
5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерді ұйымдастыруға және өткізуге;
6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілерді пайдалану бойынша түсініктемелер беруге міндетті;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасы Кодекстеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің және Комитет Төрағасының бұйрықтарымен сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға;
8) Министрлік, Комитеттің басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізуге.