Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Экономика және қаржы департаменті туралы ереже

1. Экономика және қаржы департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Министрліктің уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

4. Департамент:

1) Экономика және жоспарлау басқармасынан;

2) Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасынан;

3) Мемлекеттік сатып алу басқармасынан;

4) Экономикалық талдау басқармасынан тұрады.

Ереже
Дата публикации
28 октября 2019