ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНА!
Сегізінші шақырылған Ұйғыр аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясын өткізу күні мен күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 10-бабына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудандық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясы 2025 жылдың 27 наурызында сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залына шақырылсын.
- Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелерді енгізу ұсынылсын:
- Ауданда салынған және салынып жатқан құрылыстардың сапасы мен бюджет қаржысының мақсатты орындалу туралы (Баяндамашы – аудан әкімінің орынбасары А.Хусуров);
- Аудандық мәслихат төрағасы Есжан Нұрәкім Есенбайұлының аудандық мәслихаттың 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Аудандық мәслихаттың «Бюджет, экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, сауда, туризм, тұрғын үй мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы (Хабарламашы – тұрақты комиссия мүшесі А.Дүйсенбақызы);
- Аудандық мәслихаттың «Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы (Хабарламашы – тұрақты комиссия төрағасы Н.Болатұлы);
- Аудандық мәслихаттың «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы (Хабарламашы – тұрақты комиссия төрағасы А.Ашимов);
- Өзге де мәселелер.
Ұйғыр аудандық
мәслихатының төрағасы Н. Есжан