Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші  сессиясы 2025 жылғы 23 сәуірі күні сағат 11.00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Мақтаарал ауданы (Мырзакент кенті) Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс  сессиясы шақырылады.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2025 жылғы 23 сәуір сағат 10.30-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

1.Мақтаарал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсанындағы  №24-149-VIII «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Ақпарат беруші: Әбенов Шалхар, «Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы.

2.Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін;

         Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Мақтаарал аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде Мырзакент кенті, Қуандықов көшесі-80б, Мақтаарал аудандық мәслихатының  мекен-жайына жолдаңыздар.

         Телефон: (8-725-41) 22100, Мақтаарал аудандық мәслихатының ресми сайты - https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-maktaaral?lang=kk