«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конститутция заңының 10 бабына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты кейбір сайлау комиссияларының құрамынан жеке мүшелерінің шығуына байланысты учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы мәліметтерді хабарлайды.
Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 20.02.2025 жылғы "Округтік және уческелік сайлау комиссияларының жекелеген мүшелерін міндеттерін атқарудан босату туралы" шешімдеріне сәйкес округтік сайлау комиссияларының құрамынан (3 бос орын), учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан (10 бос орын) әртүрлі себептермен өз міндеттерінен босатылды:
№2 Округтік сайлау комиссиясында 2 орын.
№3 Округтік сайлау комиссиясында 1 орын.
№388 Учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын.
№391 Учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын.
№410 Учаскелік сайлау комиссиясында 4 орын.
№416 Учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын.
№419 Учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын.
№430 Учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын.
№432 Учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын.
Аталған бос орындарға ақпарат жарияланған күннен бастап 15 күннен кем емес мерзімде саяси партиялар тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсына алады. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялар тарапынан ұсыныстар болмаған жағдайда, өзге қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан келіп түскен ұсыныстар «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде қабылданып қаралады.
2025 жылғы 11 наурыздан бастап 25 наурыз аралығында кандидаттар Мақтаарал аудандық мәслихатына мынадай құжаттарды ұсынады:
Өтініштің нысандары Мақтаарал аудандық мәслихатының ресми сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-maktaaral/documents/details/495096?lang=kk).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. (19-20 баптар).
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссиясы құрамын құратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Мәслихатқа ұсынылған қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс 13.00 ден 15.00-ге дейін.
Ұсыныстар Мақтаарал аудандық мәслихатының төрағасы Сарсекбаев Қадыр Тұранұлының атына жолданады және 2025 жылғы 25 наурыз күні сағат 19.00-ге дейін қабылданады.
Мәслихаттың орналасқан жері: Мырзакент кенті М.Қуандықов көшесі №80Б ғимараты.
Жауапты: Молдағұлов Нұрмұхаммед Бахытжанұлы Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бас маманы. Қызметтік байланыс телефоны 22-1-00, электронды пошта: n.moldagulov@ontustik.gov.kz