Меню
Страницы

Уважаемые жители и гости города Тараз!

Уважаемые жители и гости города Тараз!

Баршаңызды – ел тарихындағы айтулы мерекелердің бірі – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні ретінде тарихымыздың алтын беттерінен орын алады. Ашық аспанда қалықтаған қыраны бар көк байрағымыздың желбірегені күллі қазақ елінің мақтанышы болса, елтаңба – егемендік және тәуелсіздік идеяларының айқын көрінісі. Әнұран – осындай ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы. Бұлар халқымыздың тарихы мен рухын бейнелеп, ұлттық дәстүр мен құндылықтарды қалыптастыруда үлкен рөл атқаруда.

 

Қадірлі жерлестер!

 

Сіздерді мемлекеттік рәміздер күнімен қалалық мәслихат депутаттары және жеке өз атымнан тағы да құттықтай отырып, әрдайым ел іші берекелі, елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болсын деймін.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін!

 

Құрметпен, Тараз қалалық

мәслихатының төрағасы                                    

Кенжебек Олжабай

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК