Қоғамдық кеңестің құрамының мүшелігіне сайлау өткізу туралы хабарлама

Қоғамдық кеңестің құрамының мүшелігіне сайлау өткізу туралы хабарлама

        Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңес туралы» № 383-V ЗРК  Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялайды.

       Қоғамдық кеңестің құрамы мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар қатарынан  13  адам болып айқындалды.

       Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңеске кандидат бола алады.

        Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауы;

      2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;

      3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

        Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Талас аудандық мәслихатының электрондық мекен-жайына:

      1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;

      2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

      5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

       Жұмыс тобының құжаттарды қабылдау мекен – жайы мен уақыты: 

        Талас ауданы, Қаратау қаласы,  Достық алаңы, №1, 2-қабат, №209 кабинет, байланыс телефоны: 6-25-11,  элек.пошта: talas.maslikhat@mail.ru,  қабылдау уақыты: сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін,  үзіліс:  13:00-14:30.

       Құжаттарды қабылдау мерзімі осы хабарландыру жарияланғаннан кейін  10 жұмыс күн - 2024 жылғы 27 желтоқсанынан - 2025 жылдың 14 қаңтар аралығы.

 

Қосымша

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі

жұмыс тобының төрағасы Б. Кожабековаға

__________________________________

__________________________________

__________________________________

Өтініш

Мен,______________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

______________________________________________________________ ұсынылған

      (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)

Қазақстан Республикасының азаматы, Қоғамдық кеңестің жұмысына қатысуға келісімімді беремін.

Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) _____________________________________________________________

      2) _____________________________________________________________

      3) _____________________________________________________________

      4) _____________________________________________________________

      5) _____________________________________________________________

      6) _____________________________________________________________

      7) _____________________________________________________________     

20___ ж. "____" ___________Өтініш берушінің қолы _______________

Хабарландыру және өтініш үлгісі