«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 47 сессиясы
2026 жылдың 16 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат
17:00–ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілсін:
«2026-2028 жылдарға арналған кент және ауылдық округтердің бюджетін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 24 желтоқсандағы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
2. Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 47 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары шақырылсын.
3. Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 47 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев