Меню
Страницы

О созыве очередной 43 сессии районного маслихата VIII созыва

О созыве очередной 43 сессии районного маслихата VIII созыва

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа  алып ШЕШІМ  ЕТЕМІН:

  1. Шиелі аудандық мәслихатының кезекті 43 сессиясы 2026 жылдың 07 сәуір күні аудан әкімінің мәжіліс залына сағат 16:00–ге  шақырылсын.  Оның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілсін:

  1)  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі  Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыруға байланысты аудандағы атқарылып отырған жұмыстардың жайы туралы.

  2)  «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында аудан  аумағын көгалдандыру, қоқыс шығару және экологиялық жағдайды жақсарту жұмыстары туралы.

  3) Аудан аумағындағы қоғамдық көліктің сапасы, автомобиль жолдары мен жол белгілерінің жайы, жол қауіпсіздігі және жол-көлік оқиғаларын азайту шаралары туралы.

  1.   Шиелі аудандық мәслихатының кезекті 43 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары шақырылсын.
  2. Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының    10 бабының 3 тармағының  талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезекті   43 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.         

                       

              Аудандық мәслихат

                        төрағасы                                                              М.Турабаев

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК