«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 40 сессиясы 2025 жылдың 30 желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат 15:00–ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін:
2026-2030 жылға арналған Шиелі ауданының даму бағдарламасын бекіту туралы.
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 40 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары шақырылсын.
- Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 40 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев