«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 36 сессиясы 2025 жылдың 24 қараша күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат 16:00-ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін:
«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №24/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 36 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары шақырылсын.
- Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 36 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев