ҮІІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 33 сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Шиелі аудандық мәслихатының кезекті 33 сессиясы
2025 жылдың 18 шілде күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат 16:00–ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілсін:
- «Шиелі ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы» аудан әкімінің есебі.
- Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 12 сәуірдегі «Ана мен бала денсаулығын қорғау шараларының ауданда орындалу барысы жайлы» №15/2 шешімінің орындалуы туралы.
- Шиелі аудандық мәслихатының кезекті 33 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары шақырылсын.
- Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезекті 33 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев