ҮІІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29 сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 29 сессиясы
2025 жылдың 21 сәуір күні аудандық мәслихаттың мәжіліс залына сағат 17:00–ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілсін:
- «Иіркөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Телікөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихаттың 2024 жылғы
26 желтоқсандағы №25/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 29 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары шақырылсын.
- Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев