ҮІІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 23 сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 23 сессиясы 2024 жылдың 13 қараша күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат 10:00–ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілсін:
«2024-2026 жылдарға арналған Шиелі кенті және 22 ауылдық округтерінің бюджетін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 23 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары шақырылсын.
- Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 23 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев