ҮІІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 13 сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 13 сессиясы
2024 жылдың 22 ақпан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат 10:00–ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін:
Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы «Шиелі ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №10/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 13 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім, мекеме және құқық қорғау органдарының басшылары шақырылсын.
- Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 13 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы А.Жандарбеков