ҮІІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 6 сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 6 сессиясы 2023 жылдың 5 қыркүйек күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат 16:00–ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін:
Аудандық мәслихаттың 2022 жылдың 26 желтоқсандағы «Шиелі кенті және 22 ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 6 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары шақырылсын.
- Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 6 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы А.Жандарбеков