ҮІІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 4 сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 4 сессиясы 2023 жылдың 27 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат 16:30–ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін:
«Шиелі ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы».
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 4 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары шақырылсын.
- Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 4 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы А.Жандарбеков