ҮІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29
сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29 сессиясы 2022 жылдың 13 қазан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат 10:00–ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін:
Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №17/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29 сессиясына аудан әкімі, оның орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары шақырылсын.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
хатшысы Т.Жағыпбаров