О созыве внеочередной 28 сессии районного маслихата VII созыва
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 28 сессиясы 2022 жылдың
04 қазан күні аудандық мәслихаттың мәжіліс залына сағат 10:00–ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін:
«Шиелі ауданындағы №№267-303, 363, 364, 365 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау қорытындылары жайлы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №35/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 28 сессиясына аудан әкімі, оның орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаттары шақырылсын.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 28 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
хатшысы Т.Жағыпбаров