О созыве внеочередной 21 сессии районного маслихата VII созыва
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 21 сессиясы 2022 жылдың
8 сәуір күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат 10:30–ға шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін:
Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы 2022-2024 жылдарға арналған кент және ауылдық округтерінің бюджеті туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 21 сессиясына аудан әкімі, оның орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары шақырылсын.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 21 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
хатшысы Т.Жағыпбаров