ҮІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 19
сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 19 сессиясы 2022 жылдың
9 наурыз күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат 10.00-ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін:
Шиелі ауданының Қоғамдық кеңесінің қалыптастырылған құрамын және Шиелі ауданының Қоғамдық кеңесіне резерв бекіту туралы
- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 19 сессиясына аудан әкімі, оның орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары шақырылсын.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 19 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
хатшысы Т.Жағыпбаров