Самар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылардың тізімін қалыптастыру жөнінде хабарландыру

Самар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылардың тізімін қалыптастыру жөнінде хабарландыру

2025 жылғы  22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Самар ауданының мәслихаты Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылардың тізімін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 наурызда № 35869 болып тіркелген) (бұдан әрі-Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға ниет білдіруші Үлгілік ереженің 2-қосымшасына сәйкес, ШҚО, Самар ауданы, Самар ауылы Горохов көшесі 58, 205 каб. «Самар ауданы мәслихатының аппараты» ММ-не қағаз жүзінде немесе  maslikhat.samar@akimvko.gov.kz электрондық поштасына өтініш жолдайды.

Өтінішті қабылдау 2025 жылғы  22 шілдеден  2025 жылғы 29 шілдеге  дейін сағат 08:00-ден 17.00-ге дейін жұмыс күндері жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 12:00-ден 13.00-ге дейін.

Жауапты тұлға:  Мажибаева Гульнар Альмуратовна,

байланыс номері:  8 723 33 31 739; +7 777 148 50 30.

2 қосымша